Бишімбаев жазасын қайда өтейді?

Бишімбаев жазасын қайда өтейді?
Фото: © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев пен осы іс бойынша екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов жазасын қайда өтейтіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот үкімімен экс-министр жазасын қауіпсіздігі ең жоғары түзеу мекемесінде өтейді. Оған сот 24 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол "азаптау" және "кісі өлтіру" баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Екінші сотталушы Бақытжан Байжанов жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді. Оған шыққан үкім - 4 жылға бас бостандығынан айыру. Ол қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотталушылардың кінәсі сотта толық дәлелденді. 

Айта кетейік, 3 сәуірде Қуандық Бишімбаев ісі бойынша айыпталушы Бақытжан Байжановтың әйелі сотта алғаш рет сөз сөйледі. Байжановтың әйелі Салтанат Нүкенованың ата-анасы мен бауырларынан кешірім сұрады. 

Артынша сот жарыссөзінде әйелін өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаев сөз алды.

"Болған оқиғаға кінәлімін... Қатты өкінемін, өте қатты өкінемін. Құдайдан күн сайын кешірім сұраймын. ...Мені бұл қайғыны сезінбейтін, жүрегі жоқ адам деп жатыр. Мені Салтанатты жамандады деп те айыптады. Бірақ мен өзім білетін шындықты айтуыма тура келді", - деді ол.

Ал прокурор Айжан Аймағанова "бұл іс - тұрмыстық зорлықтың жарқын мысалы" екенін айтты. Сонымен қатар, прокурор Нүкенованың өліміне себеп болған қан ісігінің мөлшері қандай болғанын көрсетті. 

Одан бөлек, Айжан Аймағанова экс-министр Бишімбаев ісі бойынша екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов қулыққа басқанын айтты. 

Нүкенованың ағасы Салтанаттың ең үлкен арманы қандай болғанын айтты

"Бишімбаев сотына ресейліктердің ақырындап араласа бастауы жақсы емес" - сарапшы

23 сәуірдегі сот отырысында Салтанат қайтыс болған түні Қуандық Бишімбаевпен кездескен блогер сотқа келді

Сонымен қатар, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында қазақстандық танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың да есімі аталған болатын. Райымбек Баталов өзіне қатысты айыптаулардан кейін жауап беруді ұйғарды. Оның сөзінше, бұл сотқа қатысты аяғына дейін пікір білдіргісі келмеген. Алайда айтылып жатқан сұмдық ақпараттардан кейін мәлімдеме жасауға бел буған. Ол өз тарапына қатысты айтылған ақпараттың бәрі бос сандырақ, өтірік екенін жеткізді.

Бишімбаевты ұстаған полицейге қызметтік тергеу жүргізіледі

Қуандық Бишімбаевтың сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак келді

Бишімбаев туралы не белгілі: экс-министрдің иелігінде не бар?

Әйелін өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты 24 сәуірде өткен сот отырысында сот тергеуі аяқталғаны белгілі болды. 

"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады

Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан

Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев

"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді

Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова