- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бақытжан Байжанов 4...
Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды
Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша екінші айыпталушы Бақытжан Байжановқа сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов сот үкімімен 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді судья Айжан Құлбаева жариялады.
Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаев жасаған аса ауыр қылмысты уәдесіз жасыру бойынша кінәлі деп танылды (Қылмыстық кодекстің 432-бабы). Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, аудио-бейнематериалдармен, сараптамалық қорытындылармен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді.
"Прокурор Бишімбаевты 24 жылға, Байжановты 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот отырысында сотталушылар өз кінәларын мойындамады. Сот Қылмыстық кодекстің 53-бабына сәйкес сотталушылар Бишімбаев пен Байжанов үшін кәмелетке толмаған балалары болуын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды", - деп жазылған сот мәліметінде.
Айыптау қорытындысына сәйкес Байжановтың қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 656-бабына сәйкес ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауысты ескере отырып шешкен.
Алғашында Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыс жасады деп айыпталған болатын: 432-бап "ауа ауыр қылмысты жасырып қалу" және 434-бап "аса ауыр қылмысты хабарламау".
Кейін айыптаушы тарап Бақытжан Байжановқа қатысты қылмысты хабарламау туралы айыптан бас тартты.
Айта кетейік, 3 сәуірде Қуандық Бишімбаев ісі бойынша айыпталушы Бақытжан Байжановтың әйелі сотта алғаш рет сөз сөйледі. Байжановтың әйелі Салтанат Нүкенованың ата-анасы мен бауырларынан кешірім сұрады.
Артынша сот жарыссөзінде әйелін өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаев сөз алды.
"Болған оқиғаға кінәлімін... Қатты өкінемін, өте қатты өкінемін. Құдайдан күн сайын кешірім сұраймын. ...Мені бұл қайғыны сезінбейтін, жүрегі жоқ адам деп жатыр. Мені Салтанатты жамандады деп те айыптады. Бірақ мен өзім білетін шындықты айтуыма тура келді", - деді ол.
Ал прокурор Айжан Аймағанова "бұл іс - тұрмыстық зорлықтың жарқын мысалы" екенін айтты. Сонымен қатар, прокурор Нүкенованың өліміне себеп болған қан ісігінің мөлшері қандай болғанын көрсетті.
Одан бөлек, Айжан Аймағанова экс-министр Бишімбаев ісі бойынша екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов қулыққа басқанын айтты.
Нүкенованың ағасы Салтанаттың ең үлкен арманы қандай болғанын айтты
"Бишімбаев сотына ресейліктердің ақырындап араласа бастауы жақсы емес" - сарапшы
23 сәуірдегі сот отырысында Салтанат қайтыс болған түні Қуандық Бишімбаевпен кездескен блогер сотқа келді.
Сонымен қатар, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында қазақстандық танымал кәсіпкер Райымбек Баталовтың да есімі аталған болатын. Райымбек Баталов өзіне қатысты айыптаулардан кейін жауап беруді ұйғарды. Оның сөзінше, бұл сотқа қатысты аяғына дейін пікір білдіргісі келмеген. Алайда айтылып жатқан сұмдық ақпараттардан кейін мәлімдеме жасауға бел буған. Ол өз тарапына қатысты айтылған ақпараттың бәрі бос сандырақ, өтірік екенін жеткізді.
Бишімбаевты ұстаған полицейге қызметтік тергеу жүргізіледі
Қуандық Бишімбаевтың сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак келді.
Бишімбаев туралы не белгілі: экс-министрдің иелігінде не бар?
Әйелін өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты 24 сәуірде өткен сот отырысында сот тергеуі аяқталғаны белгілі болды.
"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады
Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан
Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев
"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді
Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова