- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өзін ауылдан шыққан...
"Өзін ауылдан шыққан бала сияқты көрсетіп отыр". Бишімбаев Байжанов туралы күтпеген жайт айтты
Қуандық Бишімбаев сот отырысында інісі Бақытжан Байжанов туралы күтпеген нәрселер айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Егер бұл жоба бойынша белгілі бір мүлік алсақ ол (Байжанов) бонус ретінде жеңілдікпен пәтер алады деп келіскенбіз. Байжанов шығындарды бақылаумен айналысқан. Ол бес ай бойы вип-бөлмеге бірнеше рет кіргенін айтпауды сұрап, қоқан-лоқы көрсетіп жүр. Ол вип-бөлмеге мүсәтір алып келді, оны алып кеткен де сол. Оны қалай қолдану керегін де білмейтінмін. Вип-бөлмеде бес минуттай болды. Бес ай бойы құжаттарды (белгілі бір жоба бойынша) қайтаруды талап етіп келемін, ал ол "егер мен вип-бөлмеге кірмеді деп айтсаңыз, құжаттарды қайтарамын" дейді.
Ол сот отырысында өзін ауылдан шыққан бала сияқты көрсетіп отыр ғой. Бірақ шын мәнінде ол менен пәтер талап етіп келеді, маған қаржы құжаттарын бермейді. Одан бөлек, бұрынғы әйеліммен келісіп, көлік ұрлады", - дейді Бишімбаев.
10 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылып жарақат алғанын мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар, сот отырысында прокурор Айжан Аймағанова Салтанаттың құрбысымен диалогын оқып шықты.
Бишімбаев туралы не белгілі: экс-министрдің иелігінде не бар?
Сотта Салтанат Нүкенова мерт болған vip-бөлмеде табылған заттар көрсетілді.
9 сәуірде өткен сот отырысында Салтанат Нүкенова қаза тапқан түні мейрамханада жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер сотта куәгер болды. Сот отырысында жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер мен мейрамхана әкімшісінің диалогы жарияланды.
Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама маманы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекенде көрсетті.
Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың денесіндегі жарақаттар туралы айтты. Сарапшының сөзінше, Нүкенованы қолымен қылғындырған болуы мүмкін. Мұны оның денесіндегі жарақаттар көрсетеді.
Еске салайық, бұған дейінгі сот отырысында Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хаты жария болған еді. Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевқа жазған хатын оқып берді.
Бишімбаев Нүкенова оның өміріне қауіп төндіргенін айтты
Сонымен қатар, Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірген болатын.
3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтқан болатын.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина