"Ес-түссіз жатты" - Нүкенова қайтыс болғанын анықтаған жедел жәрдем қызметкері

"Ес-түссіз жатты" - Нүкенова қайтыс болғанын анықтаған жедел жәрдем қызметкері

Бишімбаев ісі бойынша сотта тағы бір куәгер - жедел жәрдем қызметкері Нұрлан Мұхамбеденов сұрақтарға жауап беріп жатыр. Оның сөзінше, жедел жәрдем бригадасы қоңырау түскеннен кейін 8 минуттың ішінде келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел жәрдемнің келуіне науқастың ес-түссіз және демалмай жатқаны себеп болған.

"Қасымда жүргізуші және көмекші Тұрлыбек болды. Мейрамханаға үшеуіміз кірдік. Мейрамханада бізді Байжанов күтіп алып, 2-қабаттағы vip-бөлмеге кіргізді. Онымен сөйлеспедік, бірден екінші қабатқа көтерілдік. Диванда көрпеше жамылып жалаңаш әйел жатты. Бірден тексеріске көше бастадық, жерге жатқызып, реанимациялық шаралар жасай бастадық", - дейді жедел жәрдем қызметкері.  

Осы сәтте Бишімбаев пен Байжанов сөйлесіп тұрғандықтан жедел жәрдем қызметкерлеріне кедергі жасаған. Дәрігер оларды бөлмеден шығып кетуді сұраған. 

"Көмекшімнен аппаратураны мониторға қосуын сұрадым, науқас бұл кезде ес-түссіз жатты. Тамыр соғысы байқалмады, тыныс алу және жүрек соғысы тоқтап қалған. Денесі суып кеткен және бозғылт, қарашықтары кеңейіп кеткен. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған", - дейді дәрігер. 

Еске салайық, бұған дейінгі сот отырысында Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хаты жария болған еді. Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевқа жазған хатын оқып берді. 

Сонымен қатар, Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірген болатын. 

3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтқан болатын.  

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады.

"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады

Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан

Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев

"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді

Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина