Қазақстан жалпыкомандалық есепте 22-орын алды

Қазақстан жалпыкомандалық есепте 22-орын алды

Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары да мәресіне жетті. 3 алтын 5 күміс 9 қола медаль еншілеген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 22-орын алды.

Қазақстан құрамасы Олимпиаданың соңғы күні 21-орында тұрған болатын. Финалға шыққан өзбек боксшылары алтыннан алқа тағып, Қазақстанды басып озды. Нәтижесінде отандастарымыз 22-орынға сырғыды.

Қазақстан құрамасы жүлделер саны бойынша Олимпиададағы көрсеткішін жаңартты. Риода жалпы саны 17 медаль жеңіп алды. Отандастарымыз төртжылдықтың басты додасына 1996 жылдан бері қатысып келеді. Сол жылы Атлантада өткен Олимпиадада 11 медаль (3 алтын, 4 күміс және 4 қола) иеленді. 2000 жылы Сиднейде - 7 медаль (3 алтын, 4 күміс), 2004 жылы Афиныда - 8 медаль (1 алтын, 4 күміс, 3 қола), 2008 жылы Бейжіңде - 13 медаль (2 алтын, 4 күміс, 7 қола) жеңіп алған болатын. Ал 2012 жылы Лондонда өткен төртжылдықтың додасы қазақ спорты үшін табысты болған еді. Мұнда қазақстандық спортшылар 13 медаль (7 алтын, 1 күміс, 5 қола) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 12-орынға тұрақтаған-ды.

Риода Қазақстаннан Нижат Рахымов, Данияр Елеусінов, Дмитрий Баландин алтын алса, Жазира Жаппарқұл, Елдос Сметов, Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Гюзель Манюрова күміс медальға қол жеткізді. Галбадрах Отгонцэцэг, Фархад Харки, Карина Горичева, Александр Зайчиков, Ольга Рыпакова, Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова, Иван Дычко мен Дариға Шәкімова қола жүлдеге қол жеткізді.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасына емтихан қалай өтеді?
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасына емтихан қалай өтеді?
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?