Александр Зайчиков Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Александр Зайчиков Олимпиаданың қола жүлдегері атанды
Фото: vesti.kz

Қазақстандық ауыр атлет Александр Зайчиков Риодағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. 105 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 416 (223+193) келіні еңсерді.

Александр Зайчиков жұлқа көтеруде үш мүмкіндігін де сәтті пайдаланды. Алдымен 185 келіні, одан кейін – 190, соңғы мүмкіндігінде 193 келіні басынан асырды. Нәтижесінде отандасымыз бұл нәтиже бойынша үшінші орынға тұрақтады.

Серпе көтеруді Александр 223 келіден бастады. Одан кейін спортшының жаттықтырушылары 227 келіге тапсырыс берді. Бұл салмақты қазақстандық спортшы үшінші мүмкіндігінде көтергенмен, төрешілер есепке алмады. Нәтижесінде Александр Зайчиков Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Олимпиада алтынын өзбек спортшысы Руслан Нуриддинов жеңіп алды. Ол қоссайыста 431 (194+237) келіні көтеріп, Олимпиада рекордын жаңартты. Күміс армян спортшысы Симон Мартиросянға (190+227) бұйырды.

О. Сансызбай