Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды
Фото: kfb.kz

Қазақстандық боксшы қыз Дариға Шәкімова Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды. Отандасымыз жартылай финалда америкалық Кларесса Шилдске жол берді. 

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Дариға Шәкімова жартылай финалда тәжірибелі қарсыласын ұта алмады. Шаршы алаңда отандасымыз барын сала соққы жұмсағанмен, қарсыласының ширақтығы байқалды. Төрешілер 3:0 (40-36, 39-37, 40-36) есебімен Кларесса Шилдсті жеңімпаз ретінде таныды. Ал отандасымыз Олимпиада ойындарының қола жүлдесіне ие болды. 

Ө. Сансызбай