Ертең 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1995 жылдан бері атап өтіліп келе жатқан бұл мерекеге биыл 22 жыл. Ал басқа елдер Конституциясын қай күні қабылдады екен, хабардар болайық.
![]() | Әзірбайжан Республикасының конституциясы 1995 жылы 12 қарашада қабылданды. |
![]() | Андорра князьдігі 1993 жылы 2 ақпанда заңды қабылдады, 14 наурыз күні референдумда мақұлданды, 28 сәуір күні күшіне еніп, жарияланды. 14 наурыз күні Андорра Конституция күні болып жарияланды. |
![]() | Армения 1995 жылы 5 шілдеде Конституциясын қабылдады. |
![]() | Беларусь Республикасы осы кезге дейін 6 Конституциясы болған: 1918 (уақытша), 1919, 1927, 1937, 1978, 1994 жылдары. Соңғы Конституциясы 1994 жылы 14 наурызда қабылданған. |
![]() | Дания алғаш конституциясын 1848 жылы қабылдады, 1953 жылы 5 маусымда референдумда мақұлданды. |
![]() | Корея Республикасында Конституция күні – 1948 жылы 17 шілде. |
![]() | Норвегия Конституциясын 1814 жылы 17 мамырда қабылдады. |
![]() | Панама Республикасы 2004 жылы 1 наурызда соңғы заңын қабылдады. |
![]() | Ресей Федерациясы 1993 жылы 12 желтоқсанда Конституциясын қабылдап, 25 желтоқсанда күшіне енгізді. |
![]() | Сейшель аралдары 1993 жылы 18 маусымды Конституция күні деп белгіледі. |
![]() | АҚШ Конституциясы 1787 жылы 17 қыркүйекте қабылданды. |
![]() | Тәжікстан 1994 жылы 6 қарашада Конституциясын бекітті. |
![]() | Украина 1996 жылы 28 маусымда Конституцияны бекітті. |
![]() | Уругвайда 6 рет Контитуция қаблданды: 1830, 1917, 1934, 1942, 1951 жылдары және соңғысы 1967 жылы 18 шілде күні. |
![]() | Жапония Конституция күнін 1947 жылдан бері 3 мамыр күні атап өтеді. |
![]() | Түркия тарихында төрт рет Конституция қабылдаған. 1982 жылдан бері 7 қараша күнін Конституция меркесі деп біледі. |
![]() | Қытай Халық Республикасы бес рет Конституция жасады. Соңғысы 2004 жылы 26 тамызда ұсынылып, 2005 жылы 10 маусымда расталды. |
@. @assel_assanova
















