Мен көрген Түркия

Мен көрген Түркия

Жаз бойы еш жерге қыдырып бармадыңыз ба? Олай болса, бізбен бірге виртуалды түрде Түркияның Стамбұл қаласына саяхаттаңыз...

Түріктер өте патриот халық екені әр қадам сайын туларын іліп қойғанынан көрінеді.

Елін сүю көшеге ту ілумен өлшенбейтіні анық, дегенмен одан да өзге дәлелдер жетерлік.

Туыстас халқымыздың қазақтарға ең ұқсас тұсы – өте қонақжай. Қай есікке кірсеңіз де, қабақ түйген адам көрмейсіз. Барлығы күліп қарсы алады. 

Мемлекеттік қызметтегілер жасына қарамастан, орнынан тұрып, ілтипат білдірсе, сауда майталмандары "буйруң" деп бар тәттісін аузыңа тосады.

Мейрамхана ісі, сауда-саттықтарының да әдіс-айласы жетіп жатыр. Бірі дүкенін, кафесін көз тартарлықтай етіп сәндеп қойса, енді бірі терезе алдында отырып, тағамды көз алдыңызда дайындап береді.

Дәмі тіл үйіретін балмұздағын сатып алуыңыз үшін дабылдатып алыстан шақырып алады.

Түркияның тағы бір таңғажайыбы – таңғалдырған субұрқақтары.

Табиғатқа жақын болсаңыз, кітап құмар болсаңыз, тынымсыз атқылаған субұрқақтан көз алмай қарап отырыңыз, шаршағаныңыз бірден басылады.

Төбе – Теңіз – Толқын.
Биіктік – Тереңдік – Жылдамдық.

Не деген үйлесімділік! Өмірде өзінен өзге ештеңе жоқтай, басқа әлемнің барын, бәрін ұмыттырады.

Өміріміз, көңіліміз, айналамыз қоршаған гүл. Орындық та гүл, таксофон да, үй де гүлмен көмкерілген. 

Түркия креативке толы.

Қазіргі әлемді шарлаған фаббинг ауруы Түркияны айналып өтіп кеткен, телефонына шұқшиып отырған адам көрмейсіз.

Жасы да, жасамысы да ескі заман адамдарындай мамыражай шайын ішіп, шүйіркелесіп отырағаны.

Қайыршысы жоқ ел бақытты! Түркияның кей жерінде өткен-кеткенге қол жайған мүсәпірлерден аяқ алып жүре алмайсыз. Бірақ олар жергілікті тұрғындар емес, Сириядан келгендер көрінеді. Сонымен, түріктер бақытты халық болғаны ғой?!

Биік зәулім ғимараттар. Толқыған теңіз. Жайқалған ағаш.

У-шу болған халық. Сұлу ханшайымдар. Аруларды аңдып ізге түсетін қорқынышты "құбыжықтар". Көпірлер. Күйме жеккен аттар. Бір сөзбен, бұл – ертегі қала.