- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ғалымдар қоғамға арнап...
Ғалымдар қоғамға арнап ашық хат жазды
Жасанды сананың дамуы жыл сайын өсіп келеді. Сол себепті әлемнің жүздеген ғалымы мен жеке кәсіпкерлері бұл саланы дамытуға өте ұқыптылықпен қарауды ескертеді. Себебі болашақта қоғамға теріс ықпал етуі мүмкін.
Белгілі британдық физик Стивен Хокинг, Skype-тың негізін салушылардың бірі Яан Таллинн, SpaceX компаниясының бас директоры, инженер Элон Маск және Гарвард, Стэнфорд, Массачусетс, Кэмбридж, Оксфорд сынды оқу ордаларының ғалымдары бірігіп қоғамға ашық хат жазды. Сонымен қатар хаттың жазылуына Google, Microsoft және IBM секілді силикондық компаниялар да ат салысқан. Хаттың мазмұнына тоқталсақ:
«Ғылыми дискурс қалыптасқалы бері жасанды сананы зерттеу көп проблема тудырған. Соңғы 20 жыл көлемінде ғалымдар белгілі бір салада ғана жұмыс істей алатын роботтарды құрастырумен айналысып келді. Сондықтан мұнда жасанды сананың бастапқы аспектілері ғана қамтылған. Нақтылап айтсақ, сол кездің құрылғылары жоспар түзіп немесе өздігінен шешім қабылдай алмаған.
Ал шындыққа бет бұрсақ, теориялық мәселелердің тәжірибе жүзінде көрінуі осы технологияның көптеген әдіс тәсілінің бірігуіне алып келді. Жасанды сананың жалпы теориялық негізі осылай қалыптасты. Кейіннен электронды есептеу машинасының қуаты артып, автономды транспорт құрылымы, жылдам аударма, біркелкі алгоритммен жұмыс істейтін роботар технологиясы сынды бірқатар жетістіктерге жеттік.
Осы секілді нәтижелер салалас технологиялардың бірге дамуына қаржы бөлетін ерікті салымшылардың санын арттырады. Осылай жасанды сананың дамуы алқымдай бастады. Оның қоғамға тиімділігі үлкен болмақ. Себебі біздің өркениеттің бере алатыны – адамның санасы. Егер қолда бар қабілетті жүз есе дамыта алсақ, кедейлік пен дерт сынды жеңу мүмкін емес проблемалардан арылар едік. Ал жасанды сананың қуатты потенциалы адамзат үшін үлкен қақпанға айналмауын бақылауымыз керек».
Хатта жасанды сана мен адам санасының арасындағы айырмашылықтар қамтылған. Мысалы, роботтардың кімнің кім екенін анықтамай жойып жіберуі және аппараттың істен шығып, адамның өліміне себеп болуы кезінде кінәнің кімге тағылатыны негізгі мәселе болып отыр.
Жалпы ғалымдар жасанды санаға қатысты екі топқа бөлінген. Бірі жаңа технология қара технология болып, адамзат басына қара бұлт үйірілтуі мүмкін деп білсе, тағы бірі адамның жұмысын жеңілдететін әмбебап роботтарды құрастыруды мақсат етеді. Міне, осындай дилемма. Ендеше мұның соңы неге алып келетінін уақыт көрсетеді.
Сурет: www.theguardian.com
Оқи отырыңыз:
Жасанды сана адамзат үшін қажет пе?
Google басшысы: "Роботтар адамдарды басқара алмайды"
"Болашақта роботтар адамдарды басқарып кетеді"
Toshiba ымдап сөйлейтін робот жасап шығарды (Видео)
Жапондар үстел теннисін ойнайтын құлтемірді таныстырды
Ж. Өрісбай