Жапондар үстел теннисін ойнайтын құлтемірді таныстырды

Жапондар үстел теннисін ойнайтын құлтемірді таныстырды

Ағымдағы жылдың басында Жапониядағы Kuka Robotics компаниясы құрастырған Agilus құлтемірінің үстел теннистен кәсіби ойыншы Тимо Боллмен сайықа түскені туралы ақпарат ғаламтор беттерінде жарияланған болатын. Өкінішке орай, сол кездегі жарысқа түскен құлтемір жарнамадағыдай шапшаңдыққа ие емес болып шыққан еді. Ал енді Токиода ұйымдастырылған жыл сайынғы CEATEC тұтынушы электроникалар көрмесінде Omron өзінің арнайы пинг-понгқа арналған құлтемірін таныстырды. Жаңа өнім ойнап қана қоймай, тіпті кәсіби деңгейге жете қоймаған ойыншыларды басып озуға да қабілетті болып шықты.

Gizmag порталының хабарлауынша Omron электро-инженерлері аталған ойыншыны 6 ай бойы құрастырған. Машинаның бойы 2,7 метр, ал салмағы 600 кг-ды қамтиды. Кейіннен Omron компаниясының басшылығы бұл жобаның сенсорлы технология мен адамдардың бейімделу үдерісін дамыту мақсатында жасалғандығын айтып өтті.

Арнайы бағдарламамен қамтылған құлтемір өзінің сенсорлы дисплейі мен алдынғы камерасының көмегімен қарсыласының кішкене шарды соғу барысын бақылайды. Соңыра, оның шамалас қайтып ұшу траекториясы мен жылдамдығын анықтап, қарсы соққы беруге бағдарланады. Осы кезде, құлтемір шарды өз қарсыласы қандай соққымен ұрса, сол тіптес соққы арқылы қайтара алады, яғни ойынның тепе-теңдігін сақтап отырады. Аталған компьютерлік операциялар құлтемірдің жасанды санасында бірнеше секундтар ішінде орындалады.

Жаңа құлтемір көптеген көрмеге келушілердің қызығушылығына ие болды. Олар тіпті құлтемірге қарсылас болып, пинг-понг ойнаудан да қалыс қалмады.

«Ойыншы құлтемірдің ең басты артықшылығы алынған ақпаратты өте жылдам өңдеп, соққы беруге тырысады. Нәтижеде кез-келген қарсыласпен бірашама көп уақытқа созылған партиялы ойындарға қол жеткізеді», - дейді компания инженерлері.

Аталған көрмеде таныстырылған пинг-понг ойыншысы болашақта адамдарға көмек бере алатын бағдарламамен қамтылатын болады. Дегенмен, әзірге оның нақты қай салаға баулы болатыны туралы ақпарат берілмеді.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.gizmag.com

Ж. Өрісбай