Google басшысы: "Роботтар адамдарды басқара алмайды"

Google басшысы: "Роботтар адамдарды басқара алмайды"

Google басшыларының бірі Эрик Шмидт робот адамның досы дейді. Силикон алқабындағы компанияның бұрынғы бас директоры өзін-өзі басқаратын көліктерден бастап Google-дың іздеу қызметінің автономды нұсқаларының жасалуына дейінгі жұмыстарға қатысқан. Ал компания жуырда роботтық технологиямен айналысу үшін арнайы зертхана ашты.

Әйтсе де, Шмидт өзі қозғалатын көлікке міну әлі де қауіпті дейді. Оның ойынша, жасанды сананың адамдардың жұмыс орнын тартып алуы мүмкін емес нәрсе.

Шмидттің айтуынша, қазір компьютермен жұмыс істей алатындардың жалақысы жоғары. Сондықтан, білім беру ордаларының ақылды машинамен жұмыс істеуді үйретпейтіні – қауіпті.

Шмидт осылай компьютерлік сауаттылықты қолға алу керектігі туралы айтты.

Google-дің болашақтың технологиясына бағытталған барлық жобалары жасанды санамен тікелей байланысты. Сондықтан, компания қоғамның жасанды санаға деген көзқарасын жақсартуы керек. Шмидтің ойлағаны да – осы.

Сурет: recode.net

Ж. Өрісбай