- Негізгі бет
- Жаднама
- Медицина қызметкерлерін құттықтауды...
Медицина қызметкерлерін құттықтауды ұмытпаңыз #2
Жүйкесі жіптей жұқа, жазуын өзінен өзге түсінбейтін мамандар өзгелерге қарағанда сауықшыл келеді екен. Әңгіме кім турлы екенін бірден түсінген боларсыздар. Дәрігерлер бір айда бірнеше мейрам тойлайды. Олардың әр саласына арнайы белгіленген атаулы күн бар.
Қыркүйектің үшінші сенбісі – хирургтар күні
8 қыркүйек – Бүкіләлемдік физикалық терапевтер (ішкі ағзалар ауруын емдейтін дәрігер) күні
9 қыркүйек – косметологтар (косметика білгірі) күні
24 қыркүйек – кардиологтар (жүрек ауруының дәрігері) күні
29 қыркүйек – отоларингологтар күні (Лор, құлақ, мұрын, тамақ ауруларын емдейтін дәрігер)
Қазан айының алғашқы дүйсенбісі – Бүкіләлемдік дәрігерлер күні
1 қазан – қарттар күні, геронтологтар (қартаю процесін зерттейтін дәрігер) күні
2 қазан – уролог (жыныс мүшелері ауруларын қарайтын маман-дәрігер) күні
10 қазан – Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні
16 қазан – анестезиологтар (ота кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуші) және жан сақтау дәрігерлері, сонымен қатар, аллергологтар күні
17 қазан – терапевтер күні
8 қараша – рентгенологтар (рентген сәулесі және оны қолданушы маман) күні
14 қараша – Бүкіләлемдік қант диабетімен күрес күні және эндокринологтар (ішкі секреция бездері маманы) күні
20 қараша – балалар дәрігері мерекесі
1 желтоқсан – неврологтар (жүйке жүйесін зерттеумен шұғылданатын маман) күні.
@. @assel_assanova