Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Әлем алақанда / 16 қазан. Бүгін қандай күн?

16 қазан. Бүгін қандай күн?

16 қазан. Бүгін қандай күн?

Бүгін – Бүкіләлемдік азық-түлік күні (World Food Day). Атаулы күн Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы азық-түлік және ауылшаруашылық басқармасының келісімімен 1945 жылдың 16 қазан күні бекітілген болатын.

Мақсаты – ғаламшардағы ауыл шаруашылық істерінде азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз ету, аштыққа жол бермеу.

Әлемде өмірге келіп жатқан әр нәрестенің өсіп-өнуі, жер басып жүруі үшін азық-түліктің қажеттілігі көп. Сол үшін арнайы осы мәселемен айналысып, аштыққа тап болмаудың жолдарын бақылап отыратын дүниежүзілік ұйымдар жетерлік. Ауыл шаруашылығында білек сыбана іс атқарып жүрген кәсіпкерлер мен жеке орталықтардың да міндеті зор. Бәрі де адамзаттың денсаулығы мен дұрыс тамақтануы үшін қызмет етеді.

Әлемнің басқа да елдерінде бұл күн түрліше аталып өтеді. Бірі «Үшінші әлем» тұрғындары үшін түрлі қайырымдылық шаралардың тұсауын кессе, енді басқалары азық-түлік аукцондарын өткізіп жатады. Осы ұйымның белсенді мүшелері аштықпен күресу үшін талқыланатын түрлі іс-шаралар мен конференцияларға қатысады. Осы күні аштықтан зардап шегіп жатқан әлем елдері жайлы мағлұматтар ашық түрде жарияланып, оларға қалай көмек көрсетуге болатындығы жөнінде мәселелер қаралады. Оңтайлы шешімдер қабылданады.

1981 жылдан бері Бүкіләлемдік азық-түлік күні әрбір жыл сайын арнайы тақырыппен өткізіліп келеді. Бұл жыл сайын белгілі бір мәселені талқылап, соның шешімін табу үшін ұйымдастырылып отыр.

Бүгін әлемнің бірқатар елдері Басшы Күнін (National Boss Day) атап өтіп отыр. Мерекені ұсынған – State Farm Insurance компаниясының хатшысы Патриция Хароски. Күннің басты мақсаты – жұмысшылар жылдың бір күнінде басшыларына деген құрметін білдіріп, құттықтап, әріптестерін жыл бойы адалдық танытуға үндеу. Басқарушы да – мамандық. Бұл – демалыссыз жұмыс күндер, әрбір басқан қадамы мен аузынан шыққан сөз үшін, әрбір қызметкері үшін жауап беру. Және басшы деген – қарапайым адам. Сондықтан осы ерекшеліктерді еске түсіріп, басшыңыңыздың қадірін түсініп қойғаныңыз жөн.

Ұсынысты Ұлыбритания, Аустралия, Оңтүстік Африка елдері бірден қабылдаса, қазір олардың қатары көбейген.

Бүгін – Дүниежүзілік анестезия (анестезиологтар) күні. Медицинаның осы бір қырының тарихы ХІХ ғасырда, яғни, 1846 жылдың 16 қазанында басталған. Бұл күні тіс дәрігері Томас Мортон эфир наркозымен алғаш рет ота өткізді. Сонан бері, 16 қазан –дүниежүзілік анестезиолог күні деп есептеледі.

Анестезия жүйке сезімталдығының жоғалуы. Жасанды анестезияны хирургиялық операцияны ауыртпау үшін қолданады. Анестезия жалпы, жергілікті және жұлын-ми сұйықтығы анестезиясы болып бөлінеді. 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: nnm.ru, cde.sipkro.ru, vmurmanske.ru

3240 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 16 қазан 2013, 10:42
Пікірлер
+0
16 қазан 2013, 11:56

Дұрыс тамақтану күні дұрыс екен)

+0
16 қазан 2013, 12:23

бастықтар күні де орынды :D

+0
16 қазан 2013, 14:06

Тамақтануға да күн бар екенін білмеппін ))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...