Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Бүгін қандай күн?

Бүгін қандай күн?

Халықаралық музыка күні (International Music Day) – 1975 жылдан бері ЮНЕСКО халықаралық музыкалық кеңесінің бастамасымен аталып өтеді. Бұл мерекенің аталып өтуіне сеп болған тұлғалардың бірі – орыстың композиторы Дмитрий Шостакович. Бұл күні әлемнің көптеген елдерінде ең үздік деген әртістер мен танымал топтар қатысатын әртүрлі концерттік бағдарламалар өтеді. Мерекеде әсіресе, әлемдік мәдениеттің қазынасына енген әуендердің мерейі үстем болмақ.

Адам баласы музыкамен ерте замандардан бері жақсы таныс. Африканың үңгірлерінде жоғалып кеткен тайпалардың салған суреттері қалған. Онда музыкалық аспаптар бейнеленген. Әрине, біздер ежелгі адамдардың ойлап тапқан, ләззат алған әуендерін ести алмаймыз. Бірақ, өзімізге ұнайтын әуендерді келешек ұрпаққа жеткізуге мүмкіндігіміз бар. Сіздер мен біздер барда музыка ешқашан өлмейді деп сенейік.

Бүгін – халықаралық қарттар күні. Осыдан 22 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Осы кезде Мадридте өткен БҰҰ конференциясында егде кісілердің мәселелерін шешуге арналған жоспар құрылды. Құжатта ең басты үлкен кісілердің денсаулығына назар аударған жөн делінген. Конференцияда, сондай-ақ кейінгі ұрпақтың егде кісілермен дөрекі сөйлесуі мәселесі алғаш рет талқыланды.

Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.

Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат - аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес қарт адамдарға 60 пен 74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 65 жастан асқандар халықтың 7,5 пайызын құраса, ал 2030 жылы 11,5 пайызын құрайтын болады.

Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com

2003 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 01 қазан 2013, 09:17
Пікірлер
+0
01 қазан 2013, 10:08

Бізде қандай шаралар өткізіледі екен?

+0
01 қазан 2013, 10:46

О! Құтты болсын! Ал қазанның алғашқы сенбісі біздің, яғни, мұғалімдер күні... :geek: :roll: :)

+0
01 қазан 2013, 11:06

Музыка - қайғы-қуанышымызды бөлісер мәңгі өлмес серігіміз, онсыз өмірді елестету мүмкін емес. Ал қарттарымыз - қазынамыз, ұзақ жасай берсін.

+0
01 қазан 2013, 11:23

Байқасам, мен білмейтін мерекелер көп екен! Мерекелеріңізбен!

+0
01 қазан 2013, 13:10

Мереке құтты болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...