Жұлдыз жорамал: 19.10.2015 - 25.10.2015

Жұлдыз жорамал: 19.10.2015 - 25.10.2015
Фото: rudaki.ru

Қандай жағдай болмасын, арманыңыздан бас тартпаңыз. Өйткені өмірдің мәні сол армандарымыздың жүзеге асуында. 

Тоқты

Дәл қазір интернеттен немесе газет-журналдардан тың мәліметтер оқығаныңыз жөн. Олар жұмыста да, отбасылық өмірде де қажет болады. Ең бастысы, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге көмектеседі. Қызметте беделіңіз өседі. Дүйсенбі және сәрсенбі күндері ашуға ерік бермеңіз. Маңызды мәселелерге қатысты шешімді келесі аптада бірақ қабылдағаныңыз жөн. «Бос уақыт» деген ұғымды түбегейлі ұмытуыңызға тура келеді.

Торпақ

Осы аптада өміріңіздегі ең маңызды мәселелерді шешу мүмкіндігі туады. Және осы мүмкіндікті барынша пайдаланасыз. Идея мен практиканы үйлестіріп, армандарыңызға жан бітеді. Ең бастысы, қажетсіз істі шетке ысырып, бар назарыңызды ең маңыздыларына бағыттаңыз. Нәтиже ойдағыдай болғанын қаласаңыз, беделді адамдармен көбірек араласыңыз. Өкінішке орай, жақын адамдарыңыз сатқындық жасауы мүмкін.

Егіздер

Жұмыста, жеке өміріңізде көптеген қиындық туындайды. Өз күшіңізге сеніңіз. Болашақта табысқа жеткіңіз келсе, дүрбелеңге салынбауға тырысыңыз. Таныстарыңыз қызметте дәрежеңіздің өсуіне жағдай жасайды. Аптаның ортасына қарай ерекше шабытқа ие болып, демалысты отбасыңызбен бірге өткізесіз.

Шаян

Маңызды жұмыстардан бас тартыңыз. Кезекті демалыс алып, денсаулығыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Көңіліңіздегі мұң жұмысыңыздың сапасына айтарлықтай әсер етеді. Осы аптада естіген жаңалығыңыз жалған болып шығады. Алайда барлық қиындықты отбасыңыздың арқасында оңай өткересіз.

Арыстан

Бұл аптада қызметте айтарлықтай өзгеріс болады. Жаңа лауазым мен жобалардан бас тартпаңыз. Әріптестеріңізден көп нәрсені талап етпеңіз, әйтпесе жанжалдасып қалуларыңыз да ғажап емес. Қиын ситуациядан «сүттен ақ, судан таза» болып шыққыңыз келсе, жасы үлкендердің ақылын тыңдаңыз. Ал балаларыңыз немесе бауыр-қарындастарыңыз сізді жақсы бағасымен қуантады.

Бикеш

Шығармашылық жолында, қызметте жолыңыз болады. Бірақ шешім қабылдамас бұрын, жақсылап ойланып алыңыз. Босқа сөз таластырмауға тырысыңыз, әсіресе бастығыңызбен. Ең бірінші кезекте түйсігіңізге сенім артыңыз. Достарыңыздан көмек күтіңіз.

Таразы

Көпшілікке сөзіңіздің растығын жеткізу қиынға соғатындықтан, олардың пікіріне қарсы келмегеніңіз дұрыс. Жұмыста бәрін басқаруға емес, өзіңіздің негізгі міндеттеріңізді орындауға тырысыңыз. Сенбі күні мақсаткерлігіңіздің арқасында көп жетістікке жетесіз. Ал жексенбі күні баратын жиыныңыз ішіңізді пыстырады.

Сарышаян

Бұл аптада әбден жолыңыз болатындықтан, барлық арманыңызды жүзеге асыруға асығыңыз. Кездесулер мен таныстықтар көңіліңізден шығады. Сабырлық танытсаңыз, қарыз ақшаңызды қайтарады.

Мерген

Жұмыстағы табандылығыңыздың арқасында қызметте беделіңіз өседі. Кез келген келіссөзді ойдағыдай өткізесіз. Бар ойыңызды жұмысқа бағыттасаңыз, бастаған жобаларыңызды соңына дейін жеткізесіз. Ал мерекелік кештерді демалыс күндерге ысырыңыз. Мұнымен қатар, үй шаруасына да уақыт қалдырған жөн.

Тауешкі

Бұл аптада көптеген қызықты оқиғалар болады. Дәл қазір – амалыңыздың жоғынан жасап жүрген жұмыстардан бас тартып, ұнайтын дүниелермен айналысатын уақыт. Сенбі күні қырағылық танытыңыз. Бұл күні жақындарыңызбен ренжіспеуге тырысыңыз, әйтпесе мәңгілікке көріспей кетулеріңіз мүмкін.

Суқұйғыш

Сіздің бұл аптада әбден жолыңыз болады. Бойыңызда бұғып жатқан өнерлеріңіз сыртқа шығады. Бірақ жақындарыңыздың шыдамдылығымен ойнамаңыз, әр нәрсенің шегі бар. Өзіңіз отырған бұтаны аралаудың қажеті жоқ. Отбасы мүшелеріне оларды жақсы көретініңізді көрсетіңіз. Ерекше көңіл-күй сыйлайтын саяхаттарға аттанасыз. Білім деңгейіңізді көтеру мәселесі туралы ойланып көріңіз.

Балықтар

Бұл аптада кез келген істе жолыңыз болып, табысқа жетесіз. Іштегі ауырлық сезімінен арылыңыз. Қиындықтарыңызды жылдам әрі өзбетіңізбен шешуге тырысыңыз. Ал демалыс күндері сүйіктіңіз бен отбасыңызға көбірек көңіл бөліңіз.

Құрметті оқырман, күніңіз сәтті өтсін!

Қ. Бүйенбай