Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Өмірдің мәні жан әлеміне жасырылған

Өмірдің мәні жан әлеміне жасырылған

Өмірдің мәні жан әлеміне жасырылған

Бақытсыздықтың мәні

Өткен іс өтті, оны өзгертуге, қалпына келтіруге шарасызсың. Тек алдағы уақытта жаман оқиға мен істі жақсыға қарай бейімдей білу керек. Мәселе одан ғибрат алып, тәжірибе-сабақ қабылдай білуде. Міне, бұл бақытсыздықтың мәні.

Күлкінің мәні

Тек адамзат қана күледі. Күлкі – ауыртпалықты жеңілдетеді, күлкі ұзақ өмір сүрудің табылмас кілті. Күлкіде барлық дүние өз қасиетін әйгілейді. Күлкі шаттық бағыштайды, күш-қуат арнайды, үміткер жігер (рух) береді, қайғы-қасіреттен айықтырады. Сондықтан, сәтсіздікке күлсең, ол көрген түстей елеске айналады. Табысқа күлсең, ол өз қалпыңды сақтайды. Жауыздыққа күлсең, ол сенен алыстап, аулаққа кетеді. Ізгілікке күлсең, ол шүлен шуағын шашады. Әзіл-қалжыңға күлсең, ол сенің ойыңды марқайтады. Қуанышқа күлсең, ол сенің жаныңды сергітеді. Азапқа күлсең, ол сенен жасқанады. Ал, өзіне-өзі күлу - дарақылық.

Сордың мәні

Сорға бақ жасырынады. Өмірде жамандық жақсылыққа, сор баққа айналатын кездері де болады. Кейде сор тіпті бір түрлі бас айналдырарлық бақ, табылмас орай болуы да ғажап емес.

Азаптың мәні

Адам баласы жалтаруға, қашып құтылуға, өзгертуге мүмкін болмайтын тағдырға (азапқа) дөп келгенде, ең соңында бір орайға қол жеткізеді. Міне, бұл азаптың мәні.

Өмірдің мәні

Өмір өте құнды. Оның құны қиыншылық жағдайда ғана танылады. Өмір адамды тергейді. Ал, адам өз өмірі арқылы сол сұрауға жауап береді. Міне, бұл өмірдің мәні.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

3826 1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 12 қараша 2012, 16:33
Пікірлер
+0
12 қараша 2012, 17:07

Сорға бақ жасырынады. Өмірде жамандық жақсылыққа, сор баққа айналатын кездері де болады. Кейде сор тіпті бір түрлі бас айналдырарлық бақ, табылмас орай болуы да ғажап емес. Бәрінен түңіліп кеткен кезде өзіңе мотивация сияқты екен...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...