Xiaomi 10 ядролы қуатқа ие смартфон шығарады

Xiaomi 10 ядролы қуатқа ие смартфон шығарады
Фото: www.teknofil.no

Қытайлық Xiaomi стартап-компаниясы өзі құрастыратын смартфондардың процессорларын ауыстыратынын хабарлады. Енді 4 ядролы Qualcomm Snapdragon процессорларының орнына MediaTek чиптері қолданылмақ.

Осыған дейін Xiaomi компаниясының Mi Note 2 Pro смартфоны 8 ядролы процессормен жабдықталатыны туралы ресми мәлімет берілген еді. Дегенмен, Лей Джун (Xiaomi басшысы) мұнымен шектелмейтін сыяқты. DigiTimes басылымының ақпаратына орай, Xiaomi жақында MediaTek компаниясы таныстырған 10 ядролы Helio X20 процессорына қызығушылық танытуда.  

Ал өз кезегінде, MediaTek компаниясы Xiaomi-мен тығыз қарым-қатынаста болып, орта және жоғары сегментті нарықтағы белсенділігін күшейтуді көздеп отыр.

Helio X20 процессоры Tri-Cluster жобасы негізінде жасалған әлемдегі тұңғыш 10 ядролы микрочип болып, мобильді өнімдердің қуатын арттыру мақсатында қолданылмақ. MediaTek өкілдерінің айтуынша, жаңа процессор биылғы жылдың үшінші кварталында дайын болып, смартфондардың құрылымына жыл соңына қарай жіберіледі.

Айта кетсек, Helio X20 чибі үш түрлі нұсқада шығарылады. Біріншісі, 2,5 ГГц жиілікке ие екі ARM Cortex-A72 ядросын қамтитын Tri-Cluster технологиясы болса, ендігі екеуі 2,0 ГГц жиіліктегі төрт ARM Cortex-A53 ядросы негізінде құрылады.

Жоғары технология заманында мобильді құрылғылар комьютерді біртіндеп қолданыстан шеттетіп жатқан сияқты. Егер қытайлық компания 1 -ядролы смартфон шығара алса, тұтынушылар компьютерден гаджеттерге ауысатыны сөзсіз. Себебі жаңа процессорға ие смартфондар компьютердің жұмысын толығымен атқара алатын болады.

Ұқсас жазбалар: 

Xiaomi компаниясы ноутбуктер нарығында бақ сынайды

Қытайлық Xiaomi компаниясы смарт-кроссовкі шығарады

Ж. Өрісбай