Xiaomi компаниясы ноутбуктер нарығында бақ сынайды

Xiaomi компаниясы ноутбуктер нарығында бақ сынайды

Қытайдың Xiaomi компаниясы туралы айтар болсақ, алдымен арзан, дегенмен өте сапалы смартфондар ойға келеді. Бірақ компанияның өндіру саласы тек смартфондар нарығында емес. Xiaomi планшет, роутер және ақылды білезік шығарумен де айналысады.

Жуырда өнімдер қатарына тағы бір гаджет қосылмақ. Нақтырақ айтар болсақ, қытайлық бренд енді ноутбуктер нарығында өз бағын сынап көруді ұйғарыпты. MI портативті компьютері туралы өткен жылы ақпарат тараған болатын. Дегенмен нақты ақпарат жарияланбаған еді. Ал қазіргі толыққанды ақпаратты Gizmo China сайты хабарлап отыр.

Xiaomi компаниясының аппараттары америкалық Apple өніміне өте ұқсас келетіні құпия емес. Бұған iPhone-ның аналогы бола алатын қытайлық брендтің смартфондары дәлел бола алады. Ендеше осы мақсатпен қытайлық инженерлер өзіндік MacBook Air жасауға кірісіп те кетіпті.

Ресми емес ақпараттарға құлақ түрер болсақ, жаңа девайс 2015 жылдың екінші жартысында сатылымға шығады. Оның бағасы 480 АҚШ долларын құрамақ.

Жаңа құрылғылардың жедел жадысына қатысты әзірге ресми ақпарат жоқ. Дегенмен сарапшылар компанияның осыған дейінгі өнімдеріне сілтеме жасай отырып, Android боларын тұспалдап отыр. Ендеше тек ресми анонсты күтеміз.

Сурет: www.banggood.com

Ж. Өрісбай