- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2013
- "Әлемтану" айдарының жылдық...
"Әлемтану" айдарының жылдық қортындысы
Жер бетіндегі өзге тіршілік иелерінен тым ерекше жаратылған "адам" деген екі аяқ, жұмыр басты пенделер өзін қоршаған ортаның құпияларын әлі күнге дейін толық шеше алмай келеді. Әдеттегіден ерекше, не болмаса тылсым құбылыс туралы ести қалсақ яки көре қалсақ: таңғажайып, ғаламат, ғажап, сұмдық, адам нанғысыз, о сұмдық, неткен керемет сынды таңқалысқа толы сөздерді аузымызға алатынымыз бар. Сіз бен бізге осы сөздерді жыл бойы айтқызып келген - "Әлемтану" айдары деп білемін.
Өзге елдің тыныс-тіршілігі мен әдет-ғұрпын, ұлттық құндылықтарын, әлемнің ең озық сәулет үлгілерін, Табиғат-Ананың таңғажайып құпияларын паш ету сондай-ақ, өз еліміздің көпшілікке беймәлім қыр-сырын таныту мақсатында ашылған Әлемтану айдары о бастан-ақ алдына қойған мақсатын орындап келеді. Бір сәт тынбастан бір жыл бойы оқырмандарына қызмет еткен Әлемтану көпшілігіңіздің танымдарыңызды кеңейте білді деген ойдамыз.
«Шартарап», « Жаһан», «Қазақстаным» бөлімдерінен тұратын Айдарда жыл бойы 800-ден астам материал жарық көрген.
Назарларыңызға оқырмандарымыздың жылы пікірлеріне ие болған және ең көп көрілген материалдарды ұсынамыз:
«Қазақстаным»бөлімінің ең үздік бестігі:
Қазақстанның көрікті жерлері (Дайындаған: Ғазиза Ұзақ) | |
Астана – қазақ елінің астанасы (Дайындаған: Ғазиза Ұзақ) | |
Алматы - Алатау баурайындағы әсем қала | |
Алматыдағы күз патшалығы (Дайындаған: Айгерім Сматуллаева) | |
Студенттің бір күні (Дайындаған: Айгерім Сматуллаева) |
«Шартарап» бөлімінің ең үздік бестігі | Әлемнің жаңа жеті кереметі (Дайындаған: Ғазиза Ұзақ) |
Әлемнің ең лас он қаласы (Дайындаған: Ғазиза Ұзақ) | |
Дубайда қолдан жасалған аралдар (Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан) | |
Армандарды орындайтын мекендер (Дайындаған: Ұзақ Ғазиза) | |
Эйфель мұнарасы (Дайындаған: Ғазиза Ұзақ) |
«Жаһан» бөлімінің ең үздік үштігі
Әлем елдері үйлену тойларына не сыйлайды (Дайындаған:Ұзақ Ғазиза) | |
Қаймақ пен құлпынай қосылған өзен (Дайындаған: Айгерім Сматуллаева) - | |
Корей халқының үйлену тойы (Дайындаған: Ғазиза Ұзақ) |
Суреттер: Массагет мұрағатынан
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева