Алматы - Алатау баурайындағы әсем қала

Алматы - Алатау баурайындағы әсем қала

Жалпы мәлімет

Әкімшілік-территориялық құрылымы: қала 7 ауданға бөлінген: Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб, Алатау

Тілі: қазақ, орыс

Этникалық құрамы:  қазақтар - 53%, орыстар - 33%, ұйғырлар - 5%, татарлар - 2%, кәрістер - 2%, украиндықтар, немістер, қытайлар және т.б. - 5%

Діні: ислам (сүннет), христиан (православл, католик, протесттант), иудеи және т.б.
Ақша бірлігі: теңге

Басты әуежайы: «Алматы» халықаралық әуежайы

Аумағы: 339,36 шаршы шақырым

Халық саны: 1 434 755 адам (2011 ж.)

Халық санының тығыздығы: 4227 шаршы шақырым

Ең биік нүктесі: қала теңіз деңгейінен 600-2220 м (ортасы 785 м) биіктікте орналасқан

Экономика: ҚР статистика агенттігінің мәліметі бойынша, мемлекеттің ЖІӨ-нің 1/5 бөлігі, салық түсімдерінің 30%-ы, банк доперациялары 70%-ы, бөлшек және көтерме сауданың 50%-ы, инвестицияның 12%-ы Алматы қаласының үлесінде

Өнеркәсіп: ауыр, тамақ, жеңіл (тігін, мата), химия, электр жабдығын өндіру, қағаз өндірісі

Ауыл шаруашылығы: жеміс-жидек, көкөніс, мал шаруашылығы, балық аулау
Қызмет көрсету: туризм, сауда, қаржы

Климаты: континенталды

Қаңтар айындағы орташа температура: -1ºС

Шілде айындағы орташа температура: +23ºС               

Жауын шашын орташа мөлшері: 653 мм

 Қызықты мәлімет

  • Ұзындығы 56 метрге жететін Вознесенский кафералық үлкен шіркеуі 1907 жылы Тянь-Шань тауларының көк шыршаларынан салынды. Аңыз бойынша, құрылыс барысында бірде-бір шеге қағылған жоқ. Шіркеу 1911 жылы болған жер сілкінісінде еш зардап шеккен жоқ. Кеңес заманында шіркеу ғимаратында өлкетану мұражайы болды. 1997 жылы шіркеуде құдайға құлшылық ету қайта жаңғырды.
  • Қала атауы бірнеше рет өзгерген: Алматы, Алмату, Алмалык, Заилийский, Верное, Верный, Алма-Ата.
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында Алматы жеңіске жетуге өз үлесін қосқан қала. Тыл жұмыстары арқылы әскерге көмек берумен қатар, жауынгерлік ерлік көрсетті. 1941 жылдың шілде айында генерал И. В. Панфиловтың атқыштар дивизиясы осы қалада құрылған болатын.
  • Алматыдағы жер үйлер орналасқан бір аудан ел аузында «компот» деп аталынады. Себебі, бұл ауданның көше аттарына жеміс-жидек атаулары берілген: «Виноградова», «Грушевая», «Яблочная», «Садовая» т.с.с.
  • Алматы – көптеген әсем субұрқақтарымен танымал. Қалада 120-дан астам су бұрқақтары бар. Көктем мезгілінде қалада «Су бұрқақтар күні» мерекесі өткізіліп, шара барысында қаладағы барлық су бұрқақтар бір сәтте іске қосылады.

 Алматы қаласының көрікті жерлері


  1. Көктөбе және Алматы телемұнарасы. Теңіз деңгейінен 1130 метр биіктікте орналасқан Көктөбеге фуникулер мен шағын автобустар арқылы жетуге болады. 1967 жылы салынған фуникулер жолдары Алматының ел аузында «компот» деп аталған жер үйлер орналасқан аудан арқылы жүріп өтеді. Көктөбеде мейрамханалар, «Beatles» ескерткіші, хайуанаттар бағы, алтыбақан, атракцион орналасқан. Көк төбеге шығып, Алматы қаласының толық көрінісіне тамсануға болады. Биіктігі 372 метрге жететін Алматы телемұнарасы 1975-1983 жылдары салынған. 

2. «Beatles» ескерткіші. Әйгілі ливерпуль төрттігіне арналған ТМД елдерінің аумағындағы алғашқы ескерткіш 2007 жылы қойылды. Қола төрттігінің авторы Эдуард Казарян.


3. Республика Сарайы. Достық және Абай даңғылының қиылысында орналасқан ғимаратта мәдени іс-шаралар, концерттер, фестивальдер өткізіледі. Сарай алаңында ғұлама ақын Абайдың ескерткіші орнатылған.


4. 28 гвардияшы панфиловшылар атындағы саябақ Медеу ауданында орналасқан. Аумағы 18 гектарға жететін саябақ ішінде Вознесенский кафералық үлкен шіркеуі, Офицерлер үйі, Ықылас атындағы халық аспаптар мұражайы, даңқ мемориалы, И.В. Панфилов пен Бауыржан Момышұлы ескерткіштері бар.

 5. Даңқ мемориалы 1975 жылы жеңістің 30 жылдығына орай салынды. 1975 жылдың 8 мамырында ашылып, мәңгілік алау жағылды. Сол жағында «серт» горельефі, ортада Мәскеу үшін өмірлерін қиған қаһармандардың образы бейнеленген «Ерлік» триптихы, оң жақта «атақ-даңқты ұрандатқан» композиция орналасқан.


6. Офицерлер үйі 1978 жылы салынды. Жоба авторлары – Ю.Г.Ратушный, О.Н. Балықбаев, Т.Е. Ералиев. 28 гвардияшы панфиловшылар атындағы саябақтың шығыс жағында орналасқан.

7. Ықылас атындағы халық аспаптар мұражайы 1980 жылдан бастап жұмыс істейді. Мұражайда қазақтың барлық халық аспаптары жиналған. Мыңнан астам жәдігер өнерсүйер қауымның назарына ұсынылады.


8. Орталық мешіт 1999 жылы шілде айында салынды. Мәрмәр тастардан қашалған мешіт ислам дінінің нышанына айналды. Мешіттің төбесіндегі көк күмбез жанында ұзындығы 47 метрге жететін мұнара орналасқан.


9. Тәуелсіздік монументі. Жаңа алаңда орналасқан монумент қазақ халқының дамуы мен қалыптасуын аяндайтын тарихи шежірені бейнелейді. Кешеннің ортасында тәуелсіздіктің нышанына айналған «Алтын адам» орналасқан.


10.  Медеу спорткешені. Қаладан 15 шақырым жерде орналасқан кешен 1972 жылы Медеу шатқалында салынды. Мұз айдыны еш қоспасыз, тау бұлағынан аққан су мен табиғи аяздан қатаяды. Медеу теңіз деңгейінен 1,691 метр биіктікте орналасқан. Аумағы 10 500 шаршы метр. Спорткешенде «Медеу» қонақүйі, сауықтыру орталығы, баспасөз орталығы, мейманхана, 2 жүзу бассейні орналасқан. Қыс мезгілінде демалыс күндері әуесқой конькишілерді сағат таңғы 9:00-ден түнгі 23:00-ге дейін қабылдайды. 2011 жылы айдында VІІ қысқы Азия ойындары кезінде жарыстар өткізілді. 

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

Ғ. Ұзақ