- Негізгі бет
- Тұлғалар
- GGG чемпиондық атағын...
GGG чемпиондық атағын ең көп қорғаған боксшылардың үштігіне енді
WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBC аталымының уақытша чемпионы белбеуінің иегері отандасымыз Геннадий Головкин өз атағын атағын ең көп қорғаған боксшылардың үштігіне енді.
GGG Мартин Мюррейге қарсы кездесуінде WBA тұжырымындағы чемпиондық атағын 13-ші рет қорғап қалды. Ол бұл атақты 2010 жылы жеңіп алған еді. Сондай-ақ, WBC аталымының уақытша чемпионы белбеуін алғаш рет қорғап шықты. Нәтижесінде осыған дейін 12 рет өз атақтарын қорғаған Мартин Хаглер мен Феликс Штурмды басып озды.
Геннадий Головкин енді екі кездесуде өз атағын қорғап қалатын болса, бұл көрсеткіште екінші орынға көтерілетін болады. Әзірге, өз атағын ең көп қорғаған боксшылардың тізімінің екінші сатысында аргентиналық Карлос Роке Монсон келеді. Ол 14 жекпе-жекте чемпиондық атағын ешкімге бермеген. Ал өз атағын ең көп қорғаған боксшылардың көшін америкалық Бернард Хопкинс бастап тұр. Оған 20 жекпе-жек бойы қарсыластары қарсылық көрсете алмаған екен. Бірақ, 2014 жылдың қараша айында қартаймайтын Хопкинс ресейлік Сергей Ковалевтан жеңіліп, IBF және WBA тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерінен қол үзген болатын.
Айта кетейік, Геннадий Головкин келесі кездесуін Калифорния штатында өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге, қарсыласы анықтала қойған жоқ. Кешегі жекпе-жегінен кейін отандасымыз пуэрто-рикалық боксшы Мигель Анхель Коттоны жұдырықтасуға шақырды.
Сурет:vk.com
Оқи отырыңыз
Мюррей Генаға қарсылас атана алмады (видео)
Мюррей мақсатын орындаған кездесуде GGG Тайсон жетістігін қайталады
«Ғасыр жекпе-жегінің» билеттері 15 минутта сатылып бітті
О. Сансызбай