«Ғасыр жекпе-жегінің» билеттері 15 минутта сатылып бітті

«Ғасыр жекпе-жегінің» билеттері 15 минутта сатылып бітті

Филиппиндік танымал боксшы Мэнни Пакьяо мен америкалық Флойд Мейвезер арасындағы «ғасыр жекпе-жегінe» баланған кездесу өтетін болды. Екі жақ келісімшартқа қол қойған. Енді спортсүйер қауымға тағатсыздана күту ғана қалды.

Флойд Мейвезер WBA тұжырымы бойынша суперчемпион болса, WBC тұжырымы бойынша да чемпиондық атақ иегері, ал Мэнни Пакьяоның WBO жүйесі бойынша чемпиондық атағы бар. Америкалық боксшы кәсіпқой бокста 47 кездесу өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған. Ал Мэнни Па­кьяо кәсіпқой рингте 64 кездесу өт­­кізіп, 57 рет жеңіске жеткен. 38 қар­­сыласын есінен тандырса, 5 рет ұтылып, 1 жекпе-жегінде тең түскен.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 2 мамырға белгіленген. Лас-Вегастағы «MGM Grand» аренасында өтетін болады. Бір қызығы, сатылымға шыққан билеттер 15 минутта таусылып кеткен. Ал «MGM Grand» қонақүйінің барлық нөмірлер бар-жоғы 3 минутта бос болмай шыққан.

Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо жекпе-жегінің қаржылай сыйақылары да белгілі. Алғашқысы 120 миллион доллар алатын болса, филиппиндік боксшы 80 миллион долларды иеленеді. Аталған қаржы қос боксшының бір-бірімен жұдырық түйістіргені үшін берілетін болады. Ал ұйымдастырушылар кездесуді телеарналарда тікелей эфирде таратуды жоғары сомаға бағаламақ болып отыр. 

Сурет: sports.ru

Оқи отырыңыз

Пакьяо мен Мейвезер арасындағы «ғасыр жекпе-жегі» өтпеуі мүмкін

Әйгілі Мэнни Пакьяо «Жаһан аруы – 2014» байқауына қазылық жасады

Берік Әбдірахманов APB чемпионы атағын қалай жеңіп алды? (видео)

Головкин келесі кездесуін Калифорнияда өткізеді

О. Сансызбай