Мюррей мақсатын орындаған кездесуде GGG Тайсон жетістігін қайталады

Мюррей мақсатын орындаған кездесуде GGG Тайсон жетістігін қайталады

WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, WBC аталымының уақытша чемпионы белбеуінің иегері отандасымыз Геннадий Головкин 19-шы жекпе-жегін қатарынан нокаутпен аяқтап, әлем таныған әйгілі Майк Тайсонның рекордын қайталады. Ал Мартин Мюррей болса қазақстандық боксшыға 11 раунд бойы қарсыласқан алғашқы боксшы болды.

Британдық боксшының алғашқы минуттардан-ақ кездесуді ұзаққа созу үшін күш салғанын анық байқауға болады. Жекпе-жек алдындағы түпкі мақсаты - бірінші раундтан кейін-ақ белгілі болып қалды. Қарсылас ретінде қауқарлы қарсылық таныта алмағанмен, жойқын соққыларына төтеп бере білді.

Он бірінші раундта жеңіске жеткен Геннадий Головкин 19-шы жекпе-жегін қатарынан нокаутпен аяқтап, әйгілі Майк Тайсонның рекордын қайталады. Алдағы уақытта да бұл межемен шектеліп қалмасы анық.

Жекпе-жек соңынан Мартин Мюррей барынша өнер көрсетіп, бар білгенін шаршы алаңда жасағынын жеткізсе, Геннадий Головкин британдық боксшыны құрметтейтінін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, өзі айтқандай белгілі бір деңгейде «драмалық» шоу да жасай білгенінін жасырмады. 

Cурет: vk.com

Оқи отырыңыз

Головкин бұрын қылмыстық жазаға тартылған қарсыласын қалай жеңеді?

Мюррей Головкиннің суретінен де қорқа бастаған секілді

Головкин мен Мюррей жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты

Геннадий Головкиннің спорттағы ең үздік сәттері HBO телеарнасынан көрсетілді

Головкин келесі кездесуін Калифорнияда өткізеді

Ө. Сансызбай