Жылдың үздік смартфоны қайсы?

Жылдың үздік смартфоны қайсы?
Фото: businessinsider.com

Business Insider басылымы жылдың үздік 10 смартфонын анықтады.

Рейтинг авторлары Қытайдың OnePlus 7T смартфонын үздік деп таныған. Олардың пікірінше, қытай өнімі әдемі түр-келбетімен ғана емес, сапалы камерасы және дербестігімен мақтана алады. Бұған қоса, OnePlus 7T смартфоның өнімділігі Android платформасындағы өзге құрылғыларға қарағанда жоғары. 

Тізімдегі екінші орынға жақында шыққан iPhone 11 жайғасты. Мамандар Apple компаниясының өнімін 6,1-дюймді экраны, қуатты процессоры мен сапалы камерасы үшін жоғары бағалаған.

Үздік үштікке OnePlus смартфонының 7 Pro моделі енді. Бұл модель оның сапалы камерасы мен саусақ ізін және түр-әлпетті тану сезімталдылығы жоғары болғанымен ерекше. 

Сондай-ақ алғашқы бестікке  Google Pixel 3a, Pixel 3a XL және OnePlus 6T смарфтондары енді. Google Pixel 3a мен Pixel 3a XL смартфондары төртінші орынды бөліп алса, бесінші сатыға OnePlus 6T жайғасты.

Мамандар үздік 10 смартфондар тізіміне Samsung Galaxy S10e, Apple iPhone XR, Samsung Galaxy Note 10 Plus, Samsung Galaxy S10 мен Galaxy S10 Plus және iPhone 11 Pro, iPhone 11 Pro Max қосты.

 
А. Рысдәулет