iPhone 11 қай елде арзанырақ?

iPhone 11 қай елде арзанырақ?
Фото: Popular Mechanics

10 қыркүйекте Apple компаниясының жаңа құрылғылары таныстырылды. Купертинодағы дәстүрлі презентацияда 11-сериялы iPhone, Apple Watch ақылды сағаты, iPad-тың жетінші өкілі және жаңа сервистер ел назарына ұсынылды.

Осы орайда Massaget.kz Apple компаниясының жаңа өнімдерін қай елден сатып алу ыңғайлы, қай мемлекетте арзан екенін анықтап көрді. 

Жады 512 Гб құрайтын iPhone 11 Pro Max елімізде 1099900 теңгеге ($2840) сатылады. Ал бұл модельдің ең арзанын АҚШ-тан алуға болады. Мұхиттың арғы жағындағы мемлекетте iPhone 11 Pro Max 512 Гб смартфоны Қазақстаннан екі есе арзан, бар болғаны $1449 сатылады.

iPhone 11-ді 64 Гб жадымен алғыңыз келсе, Жапонияға барған тиімді. Өйткені ол жерде iPhone 11 64 Гб смартфоны $692 құрайды екен. Елімізде "айфонның" бұл моделі $1316,54 (509 900 теңге) сатылады.

Бағалар apples алынды

Айта кетейік, 10 қыркүйек күні Apple компаниясы iPhone 11, iPhone 11 Pro және iPhone 11 Pro Max смартфондарын таныстырды. Елімізде смарфтондар 27 қыркүйек күні сатылып басталады.

А. Рысдәулет