Xiaomi Mi Mix Alpha – алды-арты сенсормен қапталған смартфон

Xiaomi Mi Mix Alpha – алды-арты сенсормен қапталған смартфон
Фото: mi.com

Қытайлық Xiaomi компаниясы Mi Mix Alpha атты жаңа смартфонын таныстырды. Девайстың ерекшелігі – төрт жағы да сенсор экран. Тек артқы бөлігінде камераға арналған панелі бар.

Смартфонның инновациялық дисплейі Surround Display деп аталады. Анықтығы 2088х2250 пиксель болатын OLED диплей қолданылған.

Image result for Xiaomi Mi MIX Alpha

108, 20, 12 мегапиксельдік үш модульді камералары титан ерітінді, керамика мен сапфир қоспасынан жасалған корпуста орналасқан.

Mi MIX Alpha Qualcomm жасаған Snapdragon 855+ процессорына ие. RAM – 12 Гб, негізгі жады – 512 Гб. Батарея қуаттылығы – сағатына 4050 мА. Сондай-ақ смартфонда 40 Вт-пен жылдам қуаттала алады.

Xiaomi Mi MIX Alpha жыл соңына қарай сатылымға шықпақ. Бағасы – 19 999 юань ($2815 – 1 089 000 теңге).

Massaget.kz