Әлемдегі ең семіз адам дүниеден озды

Әлемдегі ең семіз адам дүниеден озды
Фото: thesun.co.uk

Мексиканың Сьюдад-Оберон қаласында жер бетіндегі ең толық адам Андрес Морено Сепульведа дүниеден озды. Мексикалықтың жасы 38-де болатын.

Андрес Мореноның салмағы 450 келі болған. Қазан айында Гвадалахарада денесіне ота жасатып, 100 келіге арықтауға тәуекел жасаған. Кейіннен мексикалықтың денсаулығы жиі сыр беріп, екінші рет ота жасалған. Желтоқсан айында дәрігерлер оған үйіне қайтуына рұқсат берген. Бірнеше күн өткен соң өзін ол өзін жайсыз сезініп, ауруханаға келе жатқан жолда жан тапсырған. Андрес Морено отадан кейін 30 келіге арықтаған екен.

Айта кетейік, ота алдында Андрес Мореноға әйгілі футболшы Криштиану Роналду жейдесін сыйға тартқан болатын.

 

О. Сансызбай