Роналду әлемдегі ең семіз адамға жейдесін сыйлады

Роналду әлемдегі ең семіз адамға жейдесін сыйлады
Фото: referee.mx

Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» көшбасшысы Криштиану Роналду әлемдегі ең семіз адам Андрес Мореноға жейдесін сыйлап, ота алдында көңілін жұбатты. Бұл туралы sport.es басылымы хабарлап отыр. 

Әлемдегі ең семіз адам Андрес Морено жақында салмақ тастау үшін ота жасататынын хабарлаған еді. 37 жастағы Мексика тұрғынының көңілін аулау үшін Роналду оған жейдесін жолдады. 

Қазір Андрес Моренаның салмағы 435 келі. Ол бұл дертке кішкентай кезінде шалдыққан. Денесіне жасалатын отаның арқасында 100 келідей салмақтан арылуды жоспарлап отыр.

Н. Үсенова