Жапония елінің "Алтын павильоны"

Жапония елінің "Алтын павильоны"

«Алтын павильон» немесе екінші атауы «Кинкакудзи» – Киото қаласында орналасқан көне ғибадатхананың бірі. Павильон Кекоти бөгені жағалауында табан тіреген. Кекоти суы мөлдір. Кинкакудзи ғибадатханасының жан-жағы әсем ағашқа толы. 

Алтын павильон үш қабаттан тұрады. Әрқайсысы өзіне тән архитектуралық нақышта салынған. Оның бірінші қабаты ақ түсті ағаш бағанынан тұрады. Ол сарай үлгісі бойынша соғылған. Және де онда кішігірім зал мен Шака мен Есемица мүсіндері қойылған.

Екінші қабат болса, Букке үлгісі бойынша салыныпты. Онда Каннон Бодхисатты қоршайтын «Төрт көк аспан қорғаушысы» ескеркіші тұр. Үшінші қабат Қытай үлгісінде дзен-буддизм ғибадатханасы ретінде тұрғызылып, шатырына алтын феникс орнатылған. Сонымен қатар ғибадатхананың барлық қабырғасының екі жағына алтын жалатылған.

Ғибадатхананың жан-жағында бау-бақша бар. Оның қасында арнайы шай ішетін шайхана тұр. Мұнда келуші жапон жұртының дәстүр бойынша дайындалатын шайынан ішеді. Онымен қоса бұл мекенге сан ғасырлық тарихы бар ескерткіштер қойылған. Келушілер оған ізгі тілектерін тілеп, тиындарын лақтырады.  

Оқи отырыңыз: 

Әлемдегі ең әдемі түнгі қалалар

Тау басына салынған кішкене үйшік

Әлемдегі ең ерекше сарқырамаға көз салыңыз

Жаңа жыл мерекесін қай елде қарсы алуға болады?

Сурет: fotoart.org.ua

Н. Нұрмаханұлы