Әлемдегі ең ерекше сарқырамаға көз салыңыз

Әлемдегі ең ерекше сарқырамаға көз салыңыз

Әлемдегі ең әдемі елдердің бірі Англияда "Пик-Дистрикт" деп аталатын ұлттық саябақ орналасқан. Көз тартарлық көрікті жер болғанмен, бұл жерге барған саяхатшылардың саны аз. Бірақ, бүгінгі таңда табиғаттың бұл бір ерекше көрінісін көрем деушілер күн санап көбейіп келе жатыр. Саябақ жұртты сұлу сарқырамасымен баурап, ерекше әсер қалдырады. Сарқыраманың ерекшелігі ағып жатқан судың еркіне қарамастан, аспанға қарай атқылап жатқандығында. Пик-Дистрикт ұлттық саябағы табиғаттың таңғажайып көріністерін сақтап, тамаша жерлерді кейінгі ұрпаққа жеткізуді басты мақсат деп санайды. Ендеше елді елең еткізген сарқыраманы назарларыңызға ұсынамыз.

Сурет: mif-facts.com

Ж. Исакаев