Чемпиондар лигасы. Плей-оффқа шыққан тағы 4 команда белгілі болды

Чемпиондар лигасы. Плей-оффқа шыққан тағы 4 команда белгілі болды
Фото: ©"Реал" Мадрид

Футболдан Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 4-тур ойындары аяқталды. Кеше "Манчестер Сити" мен "Лейпциг" жолдама алса, бүгін түнде бұл қатарға "Реал Мадрид", "Бавария", "Интер" және "Реал Сосьедад" командалары қосылды.

Мюнхеннің "Бавария" клубы 4-турда "Галатасарайды" 2:1 есебімен ұтты. Нәтижесінде "А" тобында 12 ұпаймен топтан ерте шықты. Мадридтің "Реал" клубы да "С" тобындағы төртінші ойында "Браганы" 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, ұпайы екі тур алдын жолдамаға ие болды.

4-турда "Реал Сосьедад" және "Интер" командалары да жеңіске жетті. Олар да өз топтарында 10 ұпайдан жинап, уақытынан бұрын плей-оффқа шықты.

Чемпиондар лигасының 5-тур ойындары 28-29 қараша күндері өтеді. Ал соңғы тур 12-13 желтоқсанға жоспарланған.

Түнде өткен ойындар нәтижесі:

"A" тобы

"Бавария" - "Галатасарай" - 2:1 
Гол соққандар: Харри Кейн, 80, 86 - Седрик Бакамбу, 90+3

"Копенгаген" - "Манчестер Юнайтед" - 4:3
Гол соққандар: Эльюнусси, 45, Диогу Гонсалвеш, 45+9 (пен), Лукас Лерагер, 83, Руни Барджи, 87 - Расмус Хойлунд, 3, 28, Бруну Фернандеш, 69 (пен)
Қызыл қағаз - Маркус Рэшфорд ("Манчестер Юнайтед"), 42
Турнир кестесі: "Бавария" - 12 ұпай, "Копенгаген" - 4, "Галатасарай" - 4, "Манчестер Юнайтед" - 3.

"B" тобы

"Арсенал" - "Севилья" - 2:0
Гол соққандар: Леандро Троссард, 29, Букайо Сака, 64

ПСВ - "Ланс" - 1:0
Гол соққан: Люк де Йонг, 12
Қызыл қағаз - Морган Гилавоги ("Севилья"), 90+2
Турнир кестесі: "Арсенал" - 9 ұпай, ПСВ - 5, "Ланс" - 5, "Севилья" - 2.

"C" тобы

"Реал" - "Брага" - 3:0
Гол соққандар: Браим Диас, 27, Винисиус Жуниор, 58, Родриго, 61

"Наполи" - "Унион Берлин" - 1:1 (видео)
Гол соққандар: Маттео Политано, 39 - Датро Фофана, 52
Турнир кестесі: "Реал" - 12 ұпай, "Наполи" - 7, "Брага" - 3, "Унион Берлин" - 1. 

"D" тобы

"Зальцбург" - "Интер" - 0:1
Гол соққан: Лаутаро Мартинес, 85 (пен)

"Реал Сосьедад" - "Бенфика" - 3:1
Гол соққан: Микель Мерино, 6, Микель Оярсабаль, 11, Андер Барренечеа, 21 - Рафаэл Силва, 49
Турнир кестесі: "Реал Сосьедад" - 10 ұпай, "Интер" - 10, "Зальцбург" - 3, "Бенфика" - 0.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай