Чемпиондар лигасы. Топтан плей-оффқа шыққан екі команда анықталды

Чемпиондар лигасы. Топтан плей-оффқа шыққан екі команда анықталды
Фото: Visionhaus/Getty Images

Футболдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығып үлгерген алғашқы екі команда белгілі болды. Топтық кезеңдегі 4 ойыннан кейін "Манчестер Сити" мен "Лейпциг" бірінші болып жолдамаға ие болды. 

Ағылшындық клуб өз алаңында Швейцарияның "Янг Бойз" командасын 3:0 есебімен ұтты. Ойында Эринг Холанд дубль авторы атанса, бір голды Фил Фоден өз еншісіне жазды. 

Германияның "Лейпциг" клубы сырт алаңда Сербияның "Црвена Звезда" командасынан басым болды. Ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Нәтижесінде "G" тобында екі команда 4 ойыннан кейін-ақ екі жолдаманы иеленіп үлгерді. Келесі тур ойындары 28 қараша күні "Манчестер Сити" - "РБ Лейпциг", "Янг Бойз" - "Црвена Звезда" клубтары арасында өтеді. 

4-тур ойындары нәтижесі:

"E" тобы

"Лацио" (Италия) - "Фейеноорд" (Нидерланд) - 1:0
"Атлетико" (Испания) - "Селтик" (Шотландия) - 6:0

"F" тобы

"Боруссия Дортмунд" - "Ньюкасл" (Англия) - 2:0
"Милан" (Италия) - "Пари Сен-Жермен" (Франция) - 2:1

"H" тобы

"Шахтер" (Украина) - "Барселона" (Испания) - 1:0
"Порту" (Португалия) - "Антверпен" (Бельгия) - 2:0

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай