Роналдудың досы Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Роналдудың досы Чемпиондар лигасында рекорд орнатты
Фото: instagram.com/official_pepe

Португалдық футболшы Пепе Чемпиондар лигасында гол соққан ең егде футболшы атанды. Ол түнде "Антверпен" командасына қарсы ойында екінші голды өз еншісіне жазды. 

Қорғаушы гол соғып қана қоймай, Еуропаның басты футбол бәсекесінде рекорд орнатты. Ол 40 жас 254 күнде гол соққан ең егде футболшы құрметіне ие болды. Бұған дейін Чемпиондар лигасында гол соққан ең егде ойыншы Франческо Тотти болатын. Ол 2014 жылы ЦСКА командасына гол соққанда 38 жаста болған. 

Түнде өткен ойында "Порту" командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Пепеге дейінгі бір голды Эванилсон пенальтиден соқты. 

Пепе танымал португалдық футболшы Криштиану Роналдудың бала күннен бергі досы. Олар Мадридтің "Реал" клубында бірге ойнады. Ұлттық құрамада әлі күнге дейін қатар доп теуіп келеді.

"Н" тобында "Порту" мен "Барселона" 9 ұпаймен көш басында келеді. Кеше каталондық клубты ұтқан Донецкінің "Шахтер" командасында 6 ұпай бар. Бельгияның "Антверпен" командасы әлі бірде-бір ұпай еншілей алған жоқ. 

28 қараша күні "Шахтер" - "Антверпен", "Барселона" - "Порту" ойындары өтеді. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай