Жәнібек Әлімханұлы қай чемпионмен айқасқысы келетінін айтты

Жәнібек Әлімханұлы қай чемпионмен айқасқысы келетінін айтты
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO және IBF  титулдарына ие Жәнібек Әлімханұлы абсолют чемпион атанғысы келтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Германиялық Винченцо Гуальтьериді алтыншы раундта нокаутпен жеңген Жәнібек WBC титулына ие америкалық Джермалл Чарло мен WBA белбеуіне ие кубалық Эрисланди Лараның бірімен шыққысы келеді. 

"Менімен кім айқасуға келіседі екен - Лара немесе Чарло? Әлде екеуі де жекпе-жекке шықпау үшін сылтау айта ма? Чемпион чемпионмен жұдырықтасу керек! Дивизиондағы барлық төрт белбеуді жинағым келеді!", - деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі жекпе-жегінде германиялық Винченцо Гуалтьериді (21-1-1, 7КО) жекпе-жектің алтыншы раундында нокаутпен жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлемнің жаңа чемпионы болды.

Оны бұл жеңісімен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан