Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жегінде қанша табысқа кенелді?

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жегінде қанша табысқа кенелді?
Фото: ©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) екі бірдей чемпиондық белбеу үшін өткізген жекпе-жегі табысты өтті. Отандасымыз жеңіске жетіп қана қоймай, қомақты сыйақы да иеленеді. 

Шетелдік басылымдар ақпараты бойынша, Жәнібекке берілетін кепілді гонорар көлемі – 400 мың АҚШ доллары. Ал ақылы көрсетілім саны 500 мыңнан асса, онда бір жарым миллион доллар сыйақы беру келісілген. 

Бұл БАҚ-та тараған ақпарат қана, ресми дерек емес. Жекпе-жекті ұйымдастырушылар, жергілікті спорттық коммиссия гонорар көлемін ашып айтқан жоқ. 

Бұған дейін журналист Дэн Рафаэль неміс боксшысы Винченцо Гуальтери Жәнібекпен өткізген жекпе-жегі үшін 750 мың доллар алатыны жайлы айтқан болатын. 

Айта кетейік, Жәнібек пен Винченцо арасындағы жекпе-жек Розенбергте (АҚШ) өтіп, отандасымыз 6-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай