Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіріп, екі бірдей чемпиондық белбеуді жеңіп алды

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіріп, екі бірдей чемпиондық белбеуді жеңіп алды
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіріп, екі бірдей чемпиондық белбеуді жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі жекпе-жегінде германиялық Винченцо Гуалтьериді (21-1-1, 7КО) жекпе-жектің алтыншы раундында нокаутпен жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлемнің жаңа чемпионы болды.

"Мұнымен тоқтамаймыз. Бұл - тарих. Алда әлі екі титул бар", - деді Әлімханұлы кездесуден соң.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы карьерасында бірде-бір рет жеңілмеген, ал оның қарсыласы Винченцо Гуалтьери алғаш рет жеңіліп отыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан