Пенальти жайлы қызықты деректер

Пенальти жайлы қызықты деректер
Фото: rsport.ria.ru

Он бір метрлік айып добы – футбол ойыншыларына берілетін жазаның ең ауыр түрі. Себебі, осы бір айып добын орындау арқылы команда жеңіске жетуі мүмкін. Тарихта ең алғаш он бір метрлік айып добын орындауды ирландиялық қақпашы Уильям Маккрам ұсынды. 

Ең алғашқы пенальти 1981 жылы, Вулверхэмптон мен Аккрингтон арасындағы ойында орындалды.

Игорь Пономарев КСРО футбол тарихындағы ең үздік пенальти орындаушысы атанды. «Нефтчи» командасының ойыншысы ел чемпионатында, әр ойында он бір метрлік айып добын орындап, қатарынан 26 гол соқты.

Аргентиналық Мартин Палермо футбол тарихына ең сәтсіз пенальти орындаушы ретінде енді. Аяқдопшы 1999 жылы Колумбия футбол құрамасына қарсы ойында үш пенальти орындап, бірде-бір гол соға алмады.

1969 жылдың 19 қарашасы әлемге танымал футболшы Пеле өз карьерасында бір мыңыншы голын соқты. Бразилиялық ойыншы тарихта қалған голын «Васко да Гама» командасына пенальтиден салды.

Бразилиялық «Сан -Паулу» клубының қақпашысы Сени Рожерио 100 гол соғып рекорд орнатты. Ол өз қақпасын жақсы қорғаумен қатар, түрлі айып доптарын орындап 56 гол, пенальти теуіп 46 гол салды.

1968 жылы Еуропа кубогының жартылай финалында КСРО мен Италия арасында есеп 0:0 болып аяқталды. Ережеге байланысты, сол уақытта финалға өтетін команда тиын лақтыру арқылы анықталатын. Нәтижесінде Италия құрамасы финалға шықты. Осы оқиғадан кейін футбол төрешісі Карл Вальд кім мықтыны пенальти тебу арқылы анықтауды ұсынды. Бұл идея уақыт өте қолдау тауып, бүгінге дейін қолданылып келеді.

Дайындаған: Әбдіманап Нұржан

Massaget