Ең көп жалақы беретін футбол клубтары

Ең көп жалақы беретін футбол клубтары
Фото: google.kz

«Global Sports Salary Survey (GSSS)» сараптамалық орталығы орташа жалақысы ең жоғары клубтардың рейтингін жариялады. Бұл рейтингте ағылшындық «Манчестер Юнайтед» көш бастап тұр.

Манкуниандық клуб бір жылда әр ойыншысына орта есеппен алғанда 6,70 миллион евро жалақы береді екен. Екінші орында – каталондық «Барселона». Олардың бір жылдағы орташа жалақысы 6,56 миллион евроны құраған. Ал үштікке «Манчестер Сити» (6,29 миллион евро) командасы еніп отыр. Мадридтік «Реал» төртінші орында.

Ең көп жалақы беретін футбол клубтарының ондығы:

1. «Манчестер Юнайтед» (Англия) - 6,70 миллион евро

2. «Барселона» (Испания) – 6,56

3. «Манчестер Сити» (Англия) – 6,29

4. «Реал Мадрид» (Испания) – 5,86

5. «Челси» (Англия) – 5,24

6. «ПСЖ» (Франция) – 5,19

7. «Бавария» (Германия) – 4,83

8. «Ювентус» (Италия) – 4,61

9. «Арсенал» (Англия) – 4,30

10. «Ливерпуль» (Англия) – 3,49

Ө. Сансызбай