- Негізгі бет
- Спорт
- Қамшыбек Қоңқабаев бастаған...
Қамшыбек Қоңқабаев бастаған қазақ боксшылары Бакудегі турнирде бақ сынайды
23 наурыз күні Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан "Жібек жолы" халықаралық турнирі өтеді. Бір аптаға созылатын бәсекеге Қазақстан боксшылары да қатысады.
Оннан астам елден 100-ден аса боксшы қатысатын турнирде Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Турнирге қатысатын Қазақстан боксшылары:
48 кило: Теміртас Жүсіпов
51 кило: Дамир Әбдіқадыр
54 кило: Тимур Қабешов
60 кило: Талғат Сырымбетов
63,5 кило: Серік Теміржанов
67 кило: Бақтияр Смағұлов
71 кило: Дархан Дүйсебай
75 кило: Тимур Нұрсейітов
86 кило: Бекзат Таңатар
92 кило: Сағындық Тоғамбай
92+ кило: Қамшыбек Қоңқабаев
Құраманы жаттықтырушылар Мырзағали Айтжанов, Марат Жақиев, Азамат Мақажанов, Нұржан Насанов бастап барады.
Айта кетейік, қазақ боксшылары жуырда ғана Бусто-Арсициодағы лицензиялық жарыстан оралды. Италияда Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) және Айбек Оралбай (92 кг) Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Азия ойындарында Қамшыбек Қоңқабаев алғаш болып лицензия алған. Ерлер арасында енді 63,5 килода ғана жолдама бұйырған жоқ. Алда тағы бір іріктеу турнирі бар.
Әйелдер арасында бір ғана жолдама бар. 57 килоға дейінгі салмақта бұл лицензияны Карина Ибрагимова жеңіп алған болатын. Өзге бес салмақ дәрежесінде (50, 54, 60, 66 и 75 кг) жолдама әлі бұйырған жоқ.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!