Париж Олимпиадасы: Қазақстан ерлер құрамасы алтыншы жолдамаға қол жеткізді

Париж Олимпиадасы: Қазақстан ерлер құрамасы алтыншы жолдамаға қол жеткізді
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы алтыншы жолдамаға қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек Оралбай ширек финалда ирландиялық Киллиан Кессидимен жұдырықтасып, жеңіске жетті. 

Есеп - 3:2.

Осылайша, Нұрбек Оралбай командаластары секілді Париж Олимпиадасына жол ашты. 

Бұған дейін Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) Париж Олимпидасына жолдама жеңіп алған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан