Бокстан команда капитаны алғашқы Олимпиадасына лицензия жеңіп алды

Бокстан команда капитаны алғашқы Олимпиадасына лицензия жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ширек финалда Асланбек әзербайжандық Сархан Әлиевті жеңді. Есеп - 5:0.

Төрешілер Шымбергеновтің басымдығын мойындап, қазақстандық боксшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама иеленді. 

Бұған дейін Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келіге дейін) және Айбек Оралбай (92 келі) Париж Олимпидасына жолдама жеңіп алған еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан