Сәкен Бибосынов Париждегі жазғы Олимпиадаға жолдама алды

Сәкен Бибосынов Париждегі жазғы Олимпиадаға жолдама алды

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Бусто-Арсициода өтіп жатқап лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.

51 келіде сынға түскен Сәкен Бибосынов ширек финалда ұлыбританиялық Кириан Макдонльды 4:0 есебімен ұтты. 

Осылайша, Сәкен өзінің спорттық мансабындағы екінші Олимпиадасына аттанады. 2020 жылғы Токио Олимпиадасында Бибосынов қола жүлдегер атанған болатын. 

Айта кетейік, бүгін 92 келідегі Айбек Оралбай Париж ойындарының лицензиясына қол жеткізген еді. 
 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан