Кабирхан Дубайда өтетін ат жарысқа қатыспайтын болды

Қазақстанның сәйгүлігі Кабирхан 3 наурыз күні Дубайда өтетін Dubai Racing Carnival: Super Saturday жарысына қатыспайтын болды. Бапкер Даг Уотсон мен аттың иесі Тілек Мұханбетқалиев осындай шешімге келген. Оның орнына 30 наурызда өтетін Әлем кубогында бақ сынамақ. 

Кабирхан Дубайдағы ат жарысқа тіркелген болатын. Жүлде қоры 1,7 миллион долларды құрайтын сында 3 шақырымды қашықтықта жарыс жолына шығады деп күтілген. Алайда Әлем кубогына дұрыс дайындалу үшін бұл жарысқа қатыспауды ұйғарыпты. 

Кабирханның жағдайы жақсы. Бапкер Даг Уотсон мен жануар иесі Тілек Мұханбетқалиев сенбі күнгі жарыстан бас тартып, 30 наурызда өтетін Әлем кубогіне дайындалуды жөн көрді, - делінген Dubai Racing Club баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Кабирхан қатысатын Әлем кубогының жүлде қоры – 7,5 миллион доллар. Қазақстан сәйгүлігі 3,2 және 2,5 км қашықтықта жарысуға тіркелген. 

Айта кетейік, Кабирхан Al Maktoum Challenge жарысының екі кезеңінде бірінші келіп, Әлем кубогы жарысына қатысуға мүмкіндік алған болатын. 

Дубайдағы ат жарыста бірінші келген Кабирханның бағасы қанша?

"Шабандозы - ұлыбританиялық, бапкері - америкалық". Қазақты қуантып, Дубайда бірінші келген Кабирханның иесі сұхбат берді