Кабирхан Дубайдағы бәйгеде тағы бірінші келді (видео)

Кабирхан Дубайдағы бәйгеде тағы бірінші келді (видео)

Қазақстанның сәйгүлігі Кабирхан Дубайда өткен Al Maktoum Challenge (Гр.1) Presented by Longines бәйгесіне қатысып, бірінші келді. Кіл мықты тұлпарлар бәсекесінде оқ бойы озып шықты. 

Кабирхан Дубайдағы маусымды сәтті бастады. Бұған дейін Мейданда өткен жарыста бірінші келіп, 15,5 миллион теңгенің марапатына ие болған еді. Бүгін де бірінші келіп 1 миллион доллардың сыйақысын еншіледі. 

Қазақстанның сәйгүлігі 30 наурыз күні Дубайда өтетін ең үлкен бәйгеге қатысады. Ол ат жарыста бірінші орын алған тұлпарға 7 миллион 200 мың АҚШ доллары беріледі. 

Айта кетейік, Кабирханның иесі – Тілек Мұхамбетқалиев. Бұл сәйгүлікті алматылық атбегіден сатып алған. Алдыңғы иесі америкалық аукционнан бағалап алған. Тегі – америкалық. "Әкесі" Калифорния Хром да Дубайдағы жарыста 2016 жылы жеңімпаз болған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай