- Негізгі бет
- Сән
- Жаздың 12 сәнді...
Жаздың 12 сәнді бейнесі
Өзіңе жарасатын, әрі сәнді киімді қалай таңдап алуға болады? Сәнге арналған түрлі журналдар адамның талғамын дамытады. Ал талғаммен таңдалып киілген киім әрдайым көпшіліктің назарында сұлу болып жүруге ықпал етеді. Осы жазда қандай киімдер сәнде болды, қысқаша шолу жасап көрейік.
Джинсы көйлектер мен жаздық гардеробтың ажырамас бөлігі - шорты жайлы осыған дейін әңгіме өрбіткенбіз. №1 лук осы екеуін жарастыра киген бейнеге сай келеді.
Ақ көйлек - жаңа маусымның трендіне енсе де, өмір бойы жаздық сән үлгілерінің трендінде қала беретін шығар...
Көгілдір ақық түс осы маусымда ерекше сәнде
Ыстық палитралармен ерекшелену де аса батылдықты қажет етеді
Джинс шалбарлар әр мезгілде актуалды, тіпті жазда да. Ал оны әдемі аксессуарлармен сәндеу сіздің еркіңізде.
Осы жазда ұзын белдемшелер сәнде екенін айтып өткен едік
Ассиметриялы етекті белдемшелер, көйлектер... таңдау жетіп-артылады...
Классикалық ақ пен қараны таңдасаңыз да, жаңылмайсыз
Құдайға шүкір, осы күні балеткаларға деген таңдау өте мол
Түрлі-түсті шалбарлар осы жазда ғана емес болашақта да өз актуалдылығын жоғалтпас деген сенімдемін
Сәнді болу үшін ақ шалбар да...
... ақ жейде де жеткілікті.
Суреттер: vk.com
Дайындаған: Анар Мұстафина