Ақ жейде және...

Ақ жейде және...

Ақ жейде - әр сәнқой қыздың гардеробынан табылатын киім түрі. Жазда жұқа ақ жейдесіз мүлдем болмайды. Сондай-ақ ол сәнді дизайнерлердің көктем-жаз 2012 топтамаларының барлығында бар. 

Ақ жейде қара белдемшемен жарасатыны бізге мектеп кезінен белгілі. Бірақ бүгін біз сізге одан да сәнді, жаздық нұсқалар ұсынбақпыз.

Ақ көйлек + шорты

Осы маусымда шортының ең сәнділері - ашық, пастель түстілері. Бұндай шорты ақ жейдемен өте жарасады. Жеңіл, жаздық кейіп дайын дей беріңіз. Тек бірнеше аксессуарлар таңдап, арасына бір жарқын түстісін қосыңыз.

Ақ жейде + қарындаш белдемше


Ең актуалды бейне деп осыны айтса болады. Көктем-жаз маусымында қысқа белдемшелер ұзын бауырларына сән төріндегі орынды беріп қойса да, дизайнерлер қарындаш белдемшелерді түрлі түске бояп, суреттермен, тастармен әшекейлеп, оларды сәннен шығартпады. Белдемше басымдыққа ие болғандықтан, бір түсті аксессуарларды таңдағаныңыз жөн.

Ақ жейде + шалбар

Ақ пен сары-қоңыр түстері нағыз жаздық жұп. Сафари стиліне жататын осындай кейіпті кеңсеге де киіп барсаңыз әбден болады. Түзу шалбар, сәнді аяқ-киім пен бірнеше этникалық аксессуарларды ұмытпаңыз.

Ақ жейде + ұзын белдемше


Ұзын белдемше көктем-жаз маусымында ерекше сәнге ие екенін білетін боларсыз. Сондықтан ұзын белдемшемен ақ жейде киіп, күндізгі де, кешкі де бейне жасай аласыз. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: woman.ru, cmagazine.ru

С. А