Түрік киносының жұлдыздары қалай киінеді?

Түрік киносының жұлдыздары қалай киінеді?
Фото: divamagazin

Адамдардың түрік киносына деген қызығушылығы артып, олардың басты жұлдыздарының жанкүйерлері көбейіп жатыр. Түрік киносының белгілі актрисалары қалай киінетінін тамашалайық.

Эльчин Сангу

Қызғылт сары шашты және дене пішімі мінсіз актриса casual стильде де, кешкі трендте де киінгенді жөн көреді. Эльчин мерекелік кештерге мини көйлектерді, ал күнделіктіге жыртық шалбар мен кеды кигенді ұнатады.

Неслихан Атагюль

Неслихан спорттық стильді ұнатады. Ол зайырлы шараға да киімнің спорттық элементі бар түрін таңдайды. Кештерге әдетте табиғи түсті киімдерді жөн көреді.

Ханде Эрчел

Ханде романтикалық стильді ұнатады. Оның гардеробында гүлді принті бар киімдер, иығы ашық жейделер, миди белдемшелер және басы үшкір туфлилер аз емес. Ал мерекелік шараларға өте сәнді ерекше киімдерді кигенді жөн көреді. Мысалы, пайеткалары бар асимметриялық мини көйлек немесе смокинг. 

Демет Оздемир

Демит ыңғайлылықты бағалайды, сондықтан өкшесі бар туфлиді тек қандай да бір мерекелік шараға ғана киеді. Күнделікті өмірде ол түрлі кроссовкаларды джинстермен де, көйлектермен де киіп жүргенді ұнатады. 

Мерьем Узерли

Мерьем жарыққа шыға бермейді, алайда оның әр көрінгені папарацци мен жанкүйерлері үшін нағыз оқиға. Ол жарыққа шыққанда әр кез ерекше көзтартарлық киім үлгісімен көрінеді. Ал күнделікті өмірде қанық емес түсті және классикалық пішінді киімдерді таңдап, өте ұстамды киінеді. 

Фахрийе Эвджен

Фахрийе бохо стилін ұнатады және ол оған керемет жарасады. Ал қызыл кілемге ол таңғалдыратын сәнді киімдер таңдайды. 

А. Жапатова