Фуражка бас киімін немен киеміз?

Фуражка бас киімін немен киеміз?
Фото: busfrona.se

Фуражка – маңдайында қалқаны бар жалпақ бас киім. Оны бұрын әскерлер киетін болған. Соңғы кездері милитари стилі дами бастағанда металл және былғары аксессуарлармен әшекейленген фуражка бас киімдері сән көрсетілімдерінен орын алды. Картуз – фуражканың азаматтық бір түрі, оның құрсамасы биіктеу болып келеді. Картуз алғаш рет Швецияда пайда болды. Ол кезде картуз маңдайында қалқаны бар және құлақты жабатын жылы қалпақ ретінде болды. Алайда дизайнерлер осы жылы мұндай бас киімнің сәнді былғары немесе трикотаждан жасалған түрін, көйлекпен де шалбармен де үйлестіруді ұсынды. Мұндай бас киіммен үйлестірілген киім үлгілерін ұсынамыз.

А. Жапатова