Киім көмегімен сымбатты көрінудің 5 әдісі

Киім көмегімен сымбатты көрінудің 5 әдісі
Фото: thefrontrowview.com

Бірнеше килограмм артық салмағыңыз болса да, мінсіз көрінуге көмектесетін киімдер тізімін ұсынамыз.

Қыры сынған қысқартылған шалбар

Қыры сынған қысқартылған шалбар "классикалық шалбар тек арық қыздарға жарасады" деген барлық аңызды жоққа шығарады. Қатаң тік қыр аяқ пен сан көлемін кішірейтіп көрсетеді. Қысқартылған ұзындық тобықты ашық қалдырады. Сондықтан, егер тобығыңыз жуандау болса, оны түзету үшін биік өкшелі аяқ киіммен үйлестіріңіз. Мұндай шалбардың қою көк түсін таңдасаңыз, оны түрлі киіммен үйлестіру жеңілге соғады.

Белден қиылған көйлек

Қазіргі кезде түрлі түсті және пішінді көйлектер көптеп кездеседі. Егер дене пішінін жинақы көрсететін ыңғайлы көйлек іздесеңіз, белден қиылған көйлектерге тоқтаңыз. Мұндай көйлектің етегі саныңыздың пішінін жасырса, белінің жоғары тұруы аяқты ұзартып көрсетеді.

V-бейнелі ойығы бар жейде

Бойжеткен фигурасының қалай көрінетіні киім ойығының геометриялық пішініне тікелей байланысты. Сымбатты көрінемін деп әдептілік шегі туралы ұмытпаңыз. V-бейнелі ойықтың ұстамды түрін таңдаңыз. Сонымен қатар мұндай жейденің сарғыш түсі және баскасы бар түрі кез келген бойжеткенге жарасады.

Тік пішімді жакет

Классикалық тік пішімді жакет денеңіздің жоғарғы бөлігінің сызықтарын айқын ете түседі. Ашық әрі қанық түсті жакетті түрлі топтармен және джинс шалбарымен батыл үйлестіре беріңіз. Оны дөрекі бәтеңкемен кисеңіз, киім үлгіңіз сәнді әрі ыңғайлы болып шыға келеді.

Белбеу

Белге тағылған жіңішке белбеу классикалық киім үлгіңізді жаңартып көрсетеді. Бұл элементті оверсайз көйлекке, сүйікті пальтоңызға немесе жакетке тағыңыз. Белбеудің көмегімен дене пішініңізді «құмсағат» сұлбасына айналдыра аласыз.

А. Жапатова